Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » “ТҮРКІСТАН — ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ”
ЖАҢАЛЫҚТАР

“ТҮРКІСТАН — ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ”

authorBy author30 ноября, 2024Комментариев нет10 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды.

   “Түркістан — екі дүние есігі ғой,

     Түркістан — Ер Түріктің бесігі ғой.

     Тамаша Түркістандай жерде туған

     Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.”

-, деп Мағжан ақын жырлаған Түркістандай қасиетті киелі шаһар басшысының Анадолы жерінде біздің орталықта арнайы болуы үлкен құрмет -, деді орталық басшысы, алғашқы Қазақ Бас консулы, дүниежүзі Қазақтар қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың 33 жылдығына орай бірқатар игілікті шаралар атқарылды. Орталықта 100 фотосурет көрмесі ашылды. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынның, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің, 100-ге толған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарының түрік тіліне аударма шығармаларының тұсаукесері өткізілді. Түркияның зиялы қауымы, Қазақ диаспорасының өкілдері, студент жастар қатынасты. Қазақстандық студент жастар “Бірлік” тобын құрды. Оларға осы жерден бөлме берілді. Бірнеше жастарға JS Holding басшысы Ғани Мырзаның шешімімен шәкіртақы тағайындалды.

   Қасиетті шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түрік дүниесінің рухани астанасы Түркістанда атқарылып жатқан қарқынды істерге тоқталды. Облыс орталығының мәртебесін алған жасампаз жаңарған қала адам танымастай өзгерді. Жаңа қалашық бой көтерді. Мәдени нысандар саны артты. Ай сайын халықаралық жиын, симпозиумдар көптеп өткізілуде. Өндірістің нысандары бой түзеді. Түркі әлемінің орталығы атақты Қожа Ахмет Яссауи күмбезі барша Түрік халқын, Түрік дүниесін осы араға қол бұлғап шақырып тұрғандай. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті халықаралық мәртебеге ие болды. Онда Түрік дүниесіндегі ондаған мемлекеттерден мыңдаған жастар оқып білім алуда. Туризм саласы да кең құшақ жайды. Орта Азиядағы інжу-маржан атанған Самарқан мен Бұхарамен қатар әйгілі Түркістанның да жұлдызы жарқырай түсуде.

    Имандылық пен парасаттың биік шыңындағы Түркістан шаһарына Түркі халықтарын, әлем халықтарын төрімізге шақырамын деді Ә.Пазылбекұлы. Аймақтағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов өңірде кәсіпкерлік, өндірістік сала, инвестицияны дамытуда барынша қолайлы жағдай жасалған, эконмикалық, өндірістік, еркін туризм аймақтарындағы келелі істерге тоқталды. Сол үшін де жақында ер Түріктің бесігі болған Түркістанда халықаралық форум өткізіледі және сол жиынға JS Holding басшылығын арнайы шақырамын деді Н.Мырзахметов.

    Әлем Қазақтары іс адамдары ассоцияциясының мүшесі, JS Holding төрағасы Ғани Мырза жетекшілік ететін ірі халықаралық мекемеде бірнеше саладағы департамент және басқармалар бар. Қазақстан мәдениет және сауда орталығы, күн энергиясы мен акку-батареялар зауыды, жел қуатынан әзірленетін кәсіпорын, қағаз-картон комбинаттары өндірістік салалар бар. Холдинг басшысының орынбасары Серік Оразбеков түсініктеме берді. Түркияда 2001 жылы негізі қаланған холдингте осы салалар бойынша Анадолы жерінде 20-ға жуық зауыт-фабрика пайдалануға берілді. Өткен жылы күн энергиясынан қуат алатын батареялар зауыды Анкара маңындағы Полатлы аймағында, ал биыл Қайсері облысында қағаз-картон кәсіпорыны іске қосылды. Қазір Полатлы

өндіріс аймағында күн қуатындағы батареялар зауыдының құрылысы жалғасуда. Осы істермен және салаларды дамытуда Қазақстанмен және Түркістан облысындағы жоспарлармен таныстырылды. Бұйыртса, жыл басындағы осы жоспарлардың негізі қаланады, іске сәт!

   Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы “Түркістан” атты көрнекі бағалы кітапты (үш тілде) орталық басшысы, Түркістанның тумасы Ержан Уәйіске тапсырды.

    Ал өз кезегінде орталық жетекшісі шаһар басшысына JS Холдингінің төрағасының атынан мәдениет орталығының естелік табақша сыйлығын табыстады.

   Түркістандық құрметті қонақтар Ыстанбұлдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, ұлы ойшыл баба рухына тағзым етті.

   Қазақстан — Түркістан мен Түркия арасындағы байланыстар жан-жақты дамитын болады. Өйткені, “Түркістан — екі дүние есігі ғой”. Түрік әлемінің бірлігі жасасын!

Ержан Уәйіс.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас кеңесшісі.

Ыстанбұл. 29.11.2024 ж.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.