Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР» ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР» ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

authorBy author7 ноября, 2024Updated:28 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Күзгі шақыру науқаны басталысымен, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы ел өңірлерінде жұмысқа кіріседі.

«Бұл жұмыстың басты бағыттары – Президенттің Жолдауын түсіндіру, халық арасында әскери қызметті насихаттау, сондай-ақ «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру», — делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері әскери қызметшілермен, әскерге шақырылатын және шақыру жасына дейінгі жастармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» халыққа жолдауының ережелерін түсіндіреді. Президент айтқан басты тезистер атап өтіліп, олардың елдің қарқынды дамуына және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға негіз болатыны алға тартылады.

Әсіресе, әскерге шақыру науқаны ерекше назарға алынып отыр. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мерзімді әскери қызмет өткерудің ерекшеліктері, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндіріледі.

Одан бөлек «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде Қарулы күштердің ардагерлері мен әскери қызметшілердің қатысуымен ерлік сабақтары өткізіліп, өскелең ұрпақты әскери оқу орындарына түсу тәртібімен таныстыру ұйымдастырылады. Сондай-ақ оқушыларға арнап Қарулы Күштер туралы деректі фильмдер және әскери жоғары оқу орындары жайлы бейнероликтер көрсетіледі.

«Ел Президенті өз Жолдауында егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтау аса маңызды міндет деп атап өткен болатын. Ал мемлекетті нығайту үшін бізге бірлік қажет. Жастармен қарым-қатынас барысында өскелең ұрпақтың Әділетті Қазақстанды құруға қаншалықты мүдделі екенін, Отанды қорғауды қай деңгейде түсінетінін байқауға болады. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы қажет» дейді ұйымдастырушылар.

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Қазақ «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген жақсы сөз бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі, қайсарлықтың көрінісі. Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық. Сондай жас буындар бүгінде күзгі әскерге шақыру науқанына аянбай атсалысуда. «Борышымды өтеймін» деген жас өрендер әскерге аттанбақ ниетте.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.