Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Общественно-политические силы Шымкента консолидировались для разъяснения инициатив, выносимых на республиканский референдум
  • ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ КҮШТЕР БІРІКТІ
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Экономиканың тұрақты динамикалық өсімімен бірге қала қазынасы да артып келеді
ЖАҢАЛЫҚТАР

Экономиканың тұрақты динамикалық өсімімен бірге қала қазынасы да артып келеді

authorBy author25 ноября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Экономиканың тұрақты динамикалық өсімімен бірге қала қазынасы да артып келеді.

Биыл бюджет көлемі 779 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 123 млрд теңгеге артты.

Біздің мақсатымыз – қаланың экономикалық белсенділігін көтере отырып, республикалық бюджеттен тәуелділігін азайту.

Осы бағытта кірістер органдарымен бірлесе жүйелі жұмыстар атқарып келеміз. Атап айтқанда:
Қалада 3 мыңға жуық коммерциялық нысандарға талдау жүргізіліп, олардың бағалау құны нарықтық құнынан бірнеше есе төмен көрсетілгендігі анықталды.

Оларды заңдастыру нәтижесінде, нарықтық құны 58 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге немесе 17 есеге ұлғайды. Мысалы, «Arman City» сауда орталығының құны иелері көрсеткен 50 млн теңгеден 850 млн теңгеге немесе 16 есеге ұлғайды.

Сонымен қатар, хронометраж жұмыстарын жүргізу арқылы «Кәусар» ресторан желісінің табысы орташа 4 есеге артып, иелері көрсетіп отырған 625 млн теңгеден нақты 2,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

Осы сияқты қала базарларындағы табыс көлемі 115 млн теңгеден 1,3 млрд теңгеге немесе 11 есеге артты.

Тойханалар бойынша табыс көлемі 8 есеге ұлғайтылып, 79 млн теңгеден 2,3 млрд теңгеге дейін жетті.

Өкінішке орай, әділеттілікке кәсіпкерлердің көбісі түсіністікпен қарап, қолдағанымен, кейбір кәсіпорындар Шымкент қаласының аумағында бола тұра ресми мекен жайын Түркістан облысына ауыстырған жағдайлар да орын алуда
Дегенмен, мекен жайын ауыстыруы салық төлеуден босатылмайтынын айтып өткім келеді.
Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, соңғы 3 жылда салықтық түсімдер 262 млрд теңгеден 660 млрд теңгеге артып 2,5 есеге өсті.

Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Бюджет шығыстарын жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 5,8 млрд теңгеге 182 балалар және 26 спорт алаңшалары мен 18 сквер салынуда.

Осы ретте, қала тұрғындарын «электрондық үкіметтің» веб-порталын пайдаланып, өз аулаларын абаттандыру мақсатында аталған жобаға белсене қатысуға шақырамын.
Шаһар тұрғындары үшін жайлылықпен қатар қауіпсіздік те маңызды. Қазіргі таңда жалпы қылмыстардың саны 12,4 пайызға азайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биылғы жылы қосымша 1 425 бейнебақылау камерасы орнатылады.

Қала қауіпсіздігі үшін түнгі жарықтандыру да маңызды. Тұрғындар тарапынан көп көтерілетін мәселелердің бірі осы.

Биылғы жылдан бастап көшені жарықтандыру жұмыстарын он есеге ұлғайтып, 1 528 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде (940 көшеге жарықшам орнатылды).

Сонымен қатар, биыл қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында жаңадан 2 полиция бөлімшесі және 6 мобильді стационарлық полиция пункті іске қосылады.

Одан бөлек, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Полиция департаментіне лизинг арқылы 120 көлік құралдары алынды.
Әлемде болып жатқан табиғи зіл-зала кесірінен қайғылы жағдайлар көптеп орын алуда. Қаладағы тұрғын жайлар мен сауда орталықтары тығыз орналасқан. Өкінішке орай тұрғындар, сауда және халыққа қызмет көрсету нысандары өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарайды. Газбен улану фактілері де болып, қайғылы оқиғалар орын алды.
Сондықтан әкімдік тарапынан бақылауды күшейту мақсатында «Газ инспекциясы» мекемесін құрдық.

Одан бөлек, қаланың өсуіне қарай шұғыл жағдайда өрт сөндіру деполарының мүмкіндігі жетіспейді.

Осыны ескеріп өткен жылы 2 өрт сөндіру депосы іске қосылса, биыл 1 депо пайдалануға берілді.
Шұғыл көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында 10 шағын ауданда сервистік орталықтар салу жоспарлануда. Онда полиция, жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметтері орналасады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар депараментінің өрт сөндіру қызметін толық қамтамасыз ету үшін лизинг арқылы 38 арнайы техникалар алу жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.