Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДА БОЛЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

authorBy author20 ноября, 2024Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы №39 орта мектепке арналған 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысымен танысты.  Жобаға оқу кабинеттері, асхана, спорт залы және мектеп аумағын абаттандыру қарастырылған. Құрылысты аралап көрген әкім мердігер ұйымға барлық жұмысты сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Одан әрі  шаһар басшысы Қаратау ауданында орналасқан Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне барды. Құжаттарды сақтау шарттарымен және архив материалдарын қалпына келтіру кабинеттерінің жұмысын бақылады.  Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысына мәліметтерді цифрлық форматқа автоматты түрде көшіру жұмыстарын күшейтуді тапсырылды.

Сонымен қатар, “Тельман” шағынауданындағы 1200 орындық жаңа мектептің, А. Байтұрсынов атындағы №50 орта мектепке арналған 575 орындық қосымша ғимараттың құрылысында болып,  сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №120 орта мектепте жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тексерді.

Жаңа білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.  Осыған орай құрылыс басқармасына жұмысты бақылауды күшейтіп, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

Бұдан бөлек, қала әкімі Қонаев даңғылының жалғасын салу жобасының екінші кезеңімен және Әйтеке би көшесінің ағымдағы жағдайымен танысты.  Айта кету керек, мегаполистің инженерлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту – әкімнің тұрақты бақылауында.  Мердігер ұйым өкіліне құрылыс нормалары мен өндірістік кестенің сақталуының маңыздылығын ескерткен әкім, жұмыстың сапалы аяқталуын тапсырды.

Сонымен қатар Еңбекші ауданында С.Көлбаев, К.Цеткин көшелерінің және Қапал батыр көпірінің санитарлық жағдайын және жарықтандырылуын да  тексерді. Биыл ауданда 246 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Бүгінде оның 158-і жарықтандырылды, ал қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.