Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » QAMQOR ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
ЖАҢАЛЫҚТАР

QAMQOR ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

authorBy author19 ноября, 2024Updated:20 ноября, 2024Комментариев нет9 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасының басталуы, шарттары жөнінде баспасөз брифингі өтті.  Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Төлебаев, «Отбасы Банкі» АҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Еркін Ахыншаев бағдарламаның тиімді тұстарын, азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарының барысынан хабардар етті.

Шымкент қаласының тұрғындарына арналған «Qamqor» өңірлік бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 30 қыркүйектен басталған. Қабылдау 28 қарашаға дейін жалғасады.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, биылға «Қамқор» өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд, Отбасы банкінен 3 млрд, жалпы 8 млрд теңге бөлінген. Өткен жылы 3 млрд теңге бөлініп, 150 отбасы баспаналы болған еді.

Жұмыс істейтін тұрғындардың өңірлік бағдарлама бойынша жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алу мүмкіндігі бар. Берілетін заемның ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Кредит мөлшерлемесі 6 пайыз, алғашқы жарна 10 пайыз.

– Бағдарламаға қатысушылар туралы барлық деректер автоматандырылған жүйе арқылы тексеріледі. Қатысушының жасы өтінім берген кездегі кезеңді қоса алғанда 63 жастан аспауы керек. Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған азаматтар енетін болады. Ұпайлар санына қатысушының жасы, некеде тұрған жылдар саны, балалардың саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы, Отбасы банкіндегі депозиті әсер етеді, – дейді Еркін Бақытбекұлы.

Айта кетсек, жаңа бағдарламаға дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, күтушілер, ЖОО және колледж оқытушылары, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері, шығармашылық одақтың мүшелері, журналистер, қалалық мемлекеттік ұйымдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, ТЖМ қызметкерлері, энергетика саласының өкілдері қатыса алады. Қазіргі таңда 2200-ден астам өтінім қабылданған.

«Шымкент келбеті»

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.