Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

authorBy author19 ноября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шаһарда жастар арасында шағын футбол бәсекесін өткізу дәстүрге айналған. Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу мақсатында «Жаңа өмір» жобасы аясында шағын футбол турнирі өтті. Сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау.
Аталған сайысқа 10 команда қатысып, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарын насихаттау бөлімінің басшысы Ақбота Оспанның айтуынша, турнир одан әрі де жалғасын таппақ.
Шаһарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған жастарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Басқарманың мәліметінше, қалада пробациялық есепте 35 жасқа толмаған 1098 жас бар. Олардың арасында жыл басынан бері жұмысқа орналасқандардың саны – 112, ресми түрде жұмыс жасайтындары – 843, өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 340, жұмыссыздар саны – 41 адам.
Қолдау жобасы аясында қайта қылмыстың алдын-алу, қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасы құндылығын дәріптеу, психологиялық қолдау көрсету бағытында білікті мамандардың қатысуымен психологиялық-консультациялық 20 курстық кездесу өткізіліп, 500 жасқа қолдау көрсетілген.
Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделу, кәсіптік дағдыларды дамыту және кәсіпкерлік негіздері бойынша 10 семинар-тренинг ұйымдастырылды.

«Шымкент келбеті»

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.