Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

authorBy author18 ноября, 2024Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жыл басынан бері Шымкентте  8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек  алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді.

1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл 7 608 отбасының 14 907 баласына берілді. Бұл көрсеткіш те төмендеген. Өткен жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленген. Биыл 28 пайызға азайған.

Жалпы, 2024 жылдың III тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 36 637 теңгені құрап отыр. Бұл көмек әр отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі.

Атаулы әлеуметтік көмек  алушылардың 12 482-і еңбекке жарамды азаматтар. Олардың 7 369-ы өтініш берген кезде жұмыс істеп жүргендер болса, қалғаны жұмыспен қамту шараларына тартылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, 436 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан: 265 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 48-і қоғамдық жұмыстарға, 15 адам жастар практикасына, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Сонымен қатар, 46 адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін қолдау көрсетілді.

Бұл көрсеткіш қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларының оң нәтижесін көрсетіп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтып келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.