Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

authorBy author18 ноября, 2024Комментариев нет15 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылға дейін Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 28 000 орындық 18 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы 12 мектептің құрылысы басталып, қазіргі таңда құрылыс қарқынды түрде жалғасуда. Қазан айының соңында екі мектеп – Нұршуақ (Ынтымақ) және Оңтүстік-Шығыс аудандарында техникалық ашылуы өтіп, қазіргі уақытта бұл мектептерде оқушылар білім алып жатыр. Жобаны іске асыруға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және мердігер мекемелер пайдалануға беру жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылдың желтоқсанында Жаңатұрлан, Ұлағат, Тұран (саябақ), Нұршуақ (Достық), Ақжар, 276 орам, Тұран (28 орам), Бозарық және Нұртас аудандарында 9 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Таскен шағынауданындағы 1500 орындық мектептің ашылуы 2025 жылдың екінші тоқсанына белгіленген.

2024 жылы пайдалануға берілетін барлық мектептердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының 96%-ы аяқталған. Нұршуақ (Ынтымақ) және Оңтүстік-Шығыс мектептеріндегі инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталып, қажетті инженерлік желілер тартылды. Оптикалық-талшықты байланыс желілерінің құрылысы 96%-ға орындалып, белгіленген мерзімге сай жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 6 мектептің инженерлік инфрақұрылымы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Сонымен қатар, 12 мектептің кірме жолдары мен жарықтандыру жұмыстарын қамтитын инфрақұрылымның 92%-ы аяқталды, ал Нұршуақ (Ынтымақ және Достық), Оңтүстік-Шығыс және Ақжар мектептеріне кіреберіс жолдарға асфальт салу жұмыстары толығымен аяқталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.