Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ «АДАЛДЫҚ – АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

authorBy author18 ноября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтіп жатыр. Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы  92 жас бағын сынап жатыр.

Аталған шараны «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті қолдау білдіруде. Байқаудың басты мақсаты – жастардың бойында адалдықты дәріптеп, жемқорлыққа қарсы сананы дамыту, талантты жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру.

Іс-шараның ашылуында Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев пен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов жастарға сәттілік тілей отырып, байқаудың отансүйгіштікті тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.

Байқау 14-16 жас және 17-21 жас аралығындағы екі жас ерекшелік тобында өткізіледі. Қатысушылар 90 минут ішінде берілген тақырып бойынша өз шығармаларын салады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтау барысында шығармалардың тақырыптық мазмұнының ашылуына, түстер үйлесіміне және композициясына ерекше мән береді.

Жалпы байқауға қатысуға 13 мекемеден 127 өтінім келіп түскен. Жеңімпаздар Шымкент қаласы әкімінің дипломдарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, «Ең үздік авторлық шығарма» және «Ең жас суретші» номинациялары бойынша арнайы жүлделер беріледі

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.