Қазақстанның экономикасы соңғы жылдары бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырап, елдің қаржылық жүйесін жаңғырту мәселелері басты назарда тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикалық тұрақтылықты нығайту, нақты секторға қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, сонымен қатар, қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттілігін ерекше атап өтті. Бұл мәселелер экономиканың ұзақ мерзімді дамуына ықпал етіп, елдің іскерлік ортасын белсендіріп, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Президенттің жолдауындағы ең маңызды мәселелердің бірі – ақша-несие және фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою. Қазіргі таңда нақты секторға несие беру деңгейі төмен болып, экономикаға қажетті қаржыландырудың жеткіліксіздігі анық байқалады. Бұл жағдай еліміздің іскерлік ортасының белсенділігіне, жалпы экономикалық тұрақтылыққа және оның дамуына кедергі келтіруде. Әсіресе, шағын және орта бизнестің жеткілікті қаржыландырылмауы – экономиканың ең маңызды салаларының біріне тежегіш әсерін тигізіп отыр.
Қазақстанның банк секторының қазіргі жағдайы мен пайдасы да маңызды назар аударуды қажет етеді. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктердің қатарына қосады. Бұл, әрине, банктердің қаржылық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді, алайда бұл сектордағы салық мөлшерінің әділ белгіленуін де талап етеді. Банктердің акционерлері өз дивидендтеріне сәйкес салық төлеуге міндетті болуы тиіс. Бұл мемлекеттік қолдау шараларына сай келетін әділ ұстаным деп бағаланады.
Сонымен қатар, цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновациялар енгізу өте маңызды. Бұл процестер қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс, сондықтан қаржы секторын реттейтін тетіктердің тұрақтылығы үлкен мәнге ие. Цифрлық экономика мен финтех саласы Қазақстанда үлкен қарқынмен дамып келеді, сол себепті реттеуші механизмдерді жаңартып отыру – уақыт талабы.
Қазақстанның банк жүйесін тиімді түрде жаңғырту үшін жаңа заңнамалық база қажет. Қазіргі қолданыстағы заң 30 жыл бұрын қабылданған және ол бүгінгі заман талабына сәйкес келмейді. Сол уақыттан бері қаржы нарығы, экономика және технологиялар түбегейлі өзгерді. Сондықтан банктер туралы жаңа заң қабылдау арқылы елдегі экономикалық белсенділікті қолдау, финтех саласының дамуын ынталандыру сияқты өзекті мәселелер шешілуі тиіс.
Президент бюджетті жоспарлаудағы олқылықтарға да назар аударды. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатқаны – Үкіметтің жұмысындағы үлкен кемшіліктердің бірі болып табылады. Бұл жағдайдың жиі қайталануы еліміздің дамуын тежейді және экономикалық мақсаттарға қол жеткізуді қиындатады. Осыған байланысты Үкімет бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Президенттің Жолдауында айтылған бағыттар Қазақстанның экономикалық саясатына жаңа серпін беріп, елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ақша-несие және фискалды саясаттың үйлесімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды қаржыландыруды арттыру және банк секторын жаңғырту – экономиканың тиімді дамуы үшін аса маңызды қадамдар болып табылады.Қазақстанның экономикалық әлеуетін толық ашып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттік органдар мен қаржы институттары арасындағы үйлесімді жұмыс басты басымдық болуы тиіс. Бұл бағыттағы нақты шешімдер мен шаралар елдің тұрақты дамуына кепілдік береді және «Әділетті Қазақстанды» құру жолында сенімді қадамдар жасайды.
Trending
- ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
- ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
- В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
- ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
- «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
- КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
- 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
- ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

