Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБІЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ ҚОРҒАНЫС ҚАБІЛЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

authorBy author29 октября, 2024Updated:13 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның әскери заңгерлері кәсіби мерекесі 1996 жылы 30 қарашада Қорғаныс министрінің директивасымен қорғаныс ведомствосының құрылымында заң қызметінің құрылуымен тікелей байланысты.

Қарулы күштерді барлық сала мен бағытты қамтитын құқықтық қызметтің қолдауынсыз елестету мүмкін емес. Заң қызметінің мамандары мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту, тәуекелдердің алдын алу, армияның, қоғамның және мемлекеттің, оның ішінде әскери халықаралық құқық саласындағы өмірлік маңызды мүдделеріне төнетін қауіп-қатерлерді жою жөніндегі міндеттерді шешеді.

Әскери заңгерлердің құзыретіне нормативтік құқықтық актілер жобаларының заң нормаларына сәйкестігін тексеру, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің мүдделерін сот органдарында білдіру, қорғаныс ведомствосының әскерлері мен мекемелерінде түсіндіру және кеңес беру жұмысын жүргізу кіреді.

Заң департаментінің мамандары әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, азаматтық персоналды және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша актілердің жобаларын заңды түрде және заңға сәйкес әзірлеуге қатысады.

Заң жобаларын құқықтық қолдау қызметі мамандарының қажырлы еңбегі бірқатар заңдардың қабылдануына ықпал етті. Бұл ретте әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскери қызмет өткеру мәселелері реттелді. Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жалпыәскери жарғылары, әскери киім нысаны және әскери қызметшілердің айырым белгілері бекітілді.

Әскери заңгерлер дайындаған Үкімет  қаулысынан кейін ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілді. Қазіргі уақытта Парламентте олар әзірлеген «Резервтегі әскери қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.

Төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар немесе басқа қауіптер туындаған жағдайда азаматтық билік органдары мен халыққа көмек көрсету үшін Қазақстан Қарулы Күштері шақырылуы мүмкін. Бұл табиғи апаттарды жоюға қатысу, апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету, елді мекендерді эвакуациялау, гуманитарлық көмек пен медициналық көмек көрсетуді қамтуы мүмкін.

Қазақстанның Қарулы Күштері өзінің негізгі міндеттерінен бөлек, халықаралық қауіпсіздік пен бітімгершілік операцияларды қолдауға белсенді атсалысуда. Олар халықаралық оқу-жаттығуларға, бірлескен іс-қимылдарға қатысып, басқа елдердің қарулы күштерімен тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды дамыту мақсатында ынтымақтасады. Қазақстан армиясы трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте басқа мемлекеттермен де белсенді ынтымақтасады.

Ал Қазақстанның әскери доктринасы – Қарулы Күштерді дамытудың принциптері мен бағыттарын айқындайтын негізгі стратегиялық құжат. Қорыта айтқанда, Қазақстанның әскери доктринасының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Бейбіт келісім. Қазақстан шабуыл жасамау және қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу саясатын ұстанады.

Ынтымақтастық және серіктестік. Қарулы күштер өзара тиімділік пен аймақтың қауіпсіздігін нығайтуға негізделген халықаралық әскери ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті белсенді түрде дамытуда.

Кәсібилік пен заманауи тактика. Қазақстан өз әскери қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге және тапсырмаларды тиімді орындау үшін заманауи қару-жарақ пен техниканы пайдалануға ұмтылады.
Бұл жерде бір маңызды жайтты атап өткен жөн. Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қою арқылы елдің Әскери доктринасына өзгерістер енгізген болатын.

Стратегиялық бағыттар бойынша әскерлердің (күштердің), қару-жарақтың, әскери техниканың және материалдық резервтердің қажетті кешенін құру есебінен мемлекеттің әскери ұйымының құрлықтағы, әуе күштері мен әскери-теңіз күштері құрамдарының жауынгерлік әлеуеті артты. Қарулы Күштерде әскерлердегі ақпараттық-психологиялық және бағдарламалық-аппараттық (кибер) ықпалға қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін бөлімшелер құрылды.

Заманауи белсенді қорғаныс жүйесін жасақтауға бағытталған техникалық және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аумақтық қорғаныс жүйесін әскери қауіпсіздікті және мемлекеттік қорғанысты қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне интеграциялау шеңберінде Қарулы Күштер құрамында аумақтық қорғанысты басқару органы құрылды.

Әскерлердің ұтқырлығын арттыру және әскери қауіпсіздікке төнетін заманауи қатерлерге пара-пара ден қою мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылымын жетілдіру, құрамын нығайту және инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар дәйекті және жүйелі қабылдануда.

Дағдарыс жағдайларындағы мәселелерді шешу мен ішкі қарулы қақтығыстарды басу үшін, соның ішінде төтенше әлеуметтік жағдайлардың, төтенше және соғыс жағдайының құқықтық режимдерін қамтамасыз ету кезінде әскерилерді қолданудың жаңа нысандары мен әрекет ету әдістері енгізілуде.

Әскери борышқа адалдық, кәсіби білім, талдау қабілеті және құқық нормаларын мүлтіксіз ұстану – бұның бәрі әскери заңгерлерге Қарулы күштердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері аса маңызды болып қала береді. Әскери доктринаның, стратегиялық серіктестіктің және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары арқылы Қазақстан аймақтағы және әлемдегі бейбіт даму мен қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, өзінің қорғаныс қабілетін нығайтып келеді. Қазақстан Қарулы Күштері ел мен оның халқын қорғау, өз аумағында және одан тыс жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету миссиясын жалғастырады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.