Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ

authorBy author20 октября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының (ҒЗТКЖ) маңызы зор. Елде әскери өнімдерді жетілдіруге бағытталған көптеген зерттеулер жүргізілуде. Бұл зерттеулердің нәтижесінде жаңа қару-жарақ түрлері, әскери техника және қорғаныс жүйелері жасалуда.

Қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің дамытудың тағы бір маңызды аспектісі – халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, бірлескен жобаларды іске асыруда. Бұл жобалар озық технологиялар мен тәжірибелерді алмасуға, ортақ қауіпсіздік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қорғаныс өнімдерін өндіруді ұлғайту үшін жергілікті өндірісті дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Бұл елдің экономикалық тәуелсіздігін арттырып, жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

Дамыған мемлекеттерде қорғаныс өнеркәсіп кешені ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі отандық өнеркәсіп кешенінің тұрақты өзара әрекет жасай отырып, олардың дамуларын белсенді қолдайды. Отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешені мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шамамен 50%-ын құрайды және ішкі нарықта ғана емес, сыртқы экспортта да табысты жұмыс атқарып келеді.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету, отандық қорғаныс кешенінің жан-жақты нығайту негізгі мәселе деп атап өтті. Сонымен қатар, техниканы жедел жөндеу бойынша нығайтуды және отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту қажеттігін айтты.

Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту Қазақстанның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты болып табылады. Жаңа технологиялар мен инновациялар бұл саланы жаңғыртып, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға, халықаралық аренада беделін нығайтуға септігін тигізеді. Қазақстанның ҚӨК дамытудың барлық бағыттары бойынша табысты қадамдар жасауда, бұл елдің болашағы үшін маңызды және қажетті стратегиялық қадамдар болып табылады. Аталған мәселенің маңыздылығын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та халыққа жолдауында айтты.

«Тағы бір маңызды мәселе-қорғаныс — өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Бұл мәселе дамыған мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ең маңызды міндет импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін, өзімізде шоғарлану үлесі жоғары өндіріс циклін құру», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәлімдемесі бойынша өндірістік техникалар мен отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту қажеттілігі айқындалған. Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу арқылы мүмкін болады. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу технологияларын игеру деңгейін 55%-ға дейін, заманауи өндірістерді 70%-ға дейін жеткізу міндеттері еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралар болып табылады. Халықаралық ынтымақтастық, ағымдағы геосаяси ахуал мен санкциялық шектеулерді ескере отырып, ҚӨК-нің дамуы елдің болашағы үшін стратегиялық маңызды қадамдар болып табылады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.