Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ЕРЛІГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАҒАН КЕНТАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЕРЛІГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАҒАН КЕНТАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ

authorBy author17 октября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жуырда Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында марапатталған бүгінгі күннің батыры атанған полицей жайлы толығырақ айта кетуді жөн көрдік.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қызмет барысында екі рет тұрғындарды ажалдан арашалап қалған кентаулық учаскелік полиция инспекторы Бағзатхан Есімхан Әдетханұлына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен “Ерлігі үшін” төсбелгісін табыстады.

Орын алған оқиғаға оралсақ, Кентау қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан оның ұлы 4-қабаттағы пәтердің терезесінен секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келеді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары дереу шығып, аталған мекенжайға келгеннен кейін тәртіп сақшылары 29 жастағы ер азаматтың денсаулығында ақауы бар екенін анықтады. Ол пәтердің есігін ішінен құлыптап алып, ешкімді, тіпті жақындарын да кіргізбей, терезеден секіремін деген.

Сонымен қатар қолына түскен заттарды терезеден лақтыра бастаған. Ер адам секіруге тырысқанда полицейлер оны тыныштандырып, әңгімелерімен назарын басқа жаққа аудара бастайды.

Осы уақытта байқатпастан және уақыт жоғалтпастан учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан өз өмірін тәуекел ете отырып, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірді. Осыдан соң қасына ешкімді жақындатпаған жігітті күрес әдістерін қолдана отырып, бірден шап беріп ұстап алды.

Осылайша учаскелік полиция инспекторы жігіттің өмірін аман сақтап қалды. Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. “102” арнасына хабарлама түсіріп, көмек сұраған Кентау қаласының тұрғыны, яғни жігіттің әкесі ұлын құтқарған полицейлерге алғысы шексіз.

Тағы бірде полицей күнделікті жұмыс кезінде пәтерде жалғыз өзі қалып, ішінен құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5 қабаттың балконы арқылы кіріп құтқарып қалған. Мұнда да шапшаңдық, ептілік таныта білген Есімханның ерлігі ерекше құрметке ие.

Полиция қызметі үнемі қырағылық пен сақтықты, батылдық пен жылдамдықты қажет етеді. Есімханды осы талап үдесінен шыға білген сақшылардың қатарынан деп нық сеніммен айта аламыз. Құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген жас полицейдің әрекеті бәріне үлгі. Алайда жас полицей бұл ерліктің айтыла берілуін қолдамайды.

«Адам өмірін құтқару – біріншіден, біздің жұмысымыз. Екіншіден, міндетіміз. Ондай сәтте ештеңе ойламайсың, Сенің бар ойың – адамды аман алып қалу. Біз үшін ең үлкен марапат – жұмыстан отбасыңа, бала-шағаңа аман-есен оралу. Осы салаға қатты қызыққаннан кейін бе, қолды бір сілтеп, тастап кету деген ой ешқашан болған емес. Әрине, оңай емес, кейде түрлі қауіп-қатермен бетпе-бет келесің. Десе де полиция қатарында қызмет еткеніме қуанамын. Елімді, жерімді қорғағаным – ата-анамды, отбасымды қорғағаным деп білемін», — дейді ерлігін айтып мақтануды жөн көрмейтін Есімхан.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.