Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖОБАСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖОБАСЫ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ

authorBy author4 ноября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылды. «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму — еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе» деген сөзі, еліміздегі экологиялық жағдайға қатысты жауапкершілікті арттыру қажеттігін көрсетеді. Сондықтан да жастардың осы бағытта белсенділігі аса маңызды.

 Бүгінгі таңда «Жасыл ел» республикалық штабы еліміздің мемлекеттік жастар қозғалысына айналып, жастардың экологияны қорғау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарында белсенді атсалысуын қамтамасыз етіп келеді. «Жасыл ел» бағдарламасының мақсаты – жастардың күшін пайдалана отырып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау және табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Жоба арқылы жастардың еңбекпен қамтамасыз етілуі, қоғамдық жұмыстарға тартылуы, сондай-ақ, патриотизмді арттыру көзделеді.

 Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шарада қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жастарды жаңа маусыммен құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды. Жиынға жастар ресурстық орталығының өкілдері мен студент жастар қатысып, экологиялық жобаларға деген қызығушылықтарын білдірді.

– «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қалада көгалдандыру жұмыстарымен айналысып, алаңдар мен саябақтарда абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізеді. 2005 жылы құрылған бұл көшбасшы ұйым, белсенді жастарды біріктіріп, еңбекке баулу мен патриотизмді қалыптастыруға үлес қосуда. Еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

 Биыл Шымкентте «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1500 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жас ерекшелігі 18-35 жас аралығындағы жастар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен жұмыссыз азаматтар аталмыш жобаның қатысушылары бола алады. Еңбек жасақтары тек қала тазалығына ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық білімдерін арттыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуге бағытталған іс-шараларға да белсенді қатысады.

Экологияның нашарлауы, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы — бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер. Қазақстан да бұл проблемалардан шет қалған жоқ. Сондықтан, жастардың экологиялық бастамалары мен қатысуы еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді. Жастар, экологиялық жобаларға қатыса отырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, азаматтардың табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертеді.

  «Жасыл ел» жобасы жастарға экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауды, өз елінің табиғатын қорғауға белсене атсалысуды үйретеді. Жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, экологиялық тәрбиені насихаттауы, еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер, жастардың белсенділігін арттырып, экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. «Жасыл ел» бағдарламасы – жастар мен қоғам үшін, экологияның маңыздылығын түсінуге және оны қорғауға бағытталған үлкен мүмкіндік.

Осылайша, Қазақстанның жастар саясаты экология мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған. Жас буынның экологиялық мәселелерге қатысты белсенділігі, елдің болашағына қосылатын үлес болып табылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.