Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ІСІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ІСІ

authorBy author4 ноября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет10 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекеттің мықтылығы әр отбасының беріктігімен тікелей байланысты, сондықтан партияның басты құндылықтарының бірі – отбасы мәселесі. Осыған орай, Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармамен бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында «Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, өзін-өзі танытудың тең мүмкіндіктерін жасау» міндеті анықталған. Осы мақсатта басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін орындау мақсатында қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 4 арнайы жоба жүзеге асырылуда:

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институтционализациялау;

Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан;

Мерейлі отбасы;

Парасатты отбасы конкурсы.

Аталған жобалар аясында отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес, оның алдын алу және отбасылардың рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен 60 кездесу ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Отбасындағы зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның әлеуметтік проблемасы» тақырыбында 2000 респондентті қамтитын сауалнама жүргізіледі. Жас ұрпаққа отбасы құндылықтарын сіңіріп, отбасы институтының діңгегін нығайту мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Ұлдар кеңестері» мен «Қыздар кеңестері» отырыстары өтеді.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарды жарасымды отбасылық өмірге даярлау және бала тәрбиесін қолдау бағытында «Отбасы – бақыт мекені», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобалары жүзеге асырылуда. Гендерлік саясатты дамыту бағытында «Ардагерлер кеңестері», «Әкелер кеңестері» және «Аналар кеңестері» отырыстары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, отбасы және гендерлік саясатты дамыту бойынша 1000 адамды қамтитын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Жоғарыда аталған жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қала көшелерінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 49 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер) орнатылды. Олардың арасында алимент төлеу, ажырасу жағдайларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша баннерлер бар.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында «Неке және отбасы туралы» Кодекстің нормаларын түсіндіру, демографиялық саясат, ана мен баланы қорғау және олардың денсаулығын жақсарту бағытында телеарналарда арнайы бағдарламалар жүргізілуде.

 Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызының айтуынша, отбасы мәселесі – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы, сондықтан бұл салада атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Отбасы институтын нығайту арқылы, қоғамдағы әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау және отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықты азайту – еліміздің басты мақсаттарының бірі.

Осылайша, отбасы – мемлекетіміздің тірегі, ал отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту – әрбір азаматтың міндеті. Аталған жобалар мен шаралардың нәтижесінде қоғамда отбасы институтының беделін арттырып, жастардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік туғызылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.