Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

authorBy author3 ноября, 2024Updated:12 ноября, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Адам құқықтары – конституциялық құқықтың маңызды институты. ХХ ғасырдың екінші жартысында мемлекет ішіндегі құқық және халықаралық құқық салаларының дамуында адам құқықтарының елеулі рөлі қалыптасты. Адам құқықтары адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, олар адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

Адам құқықтары жарық дүниеге келген сәттен бастап пайда болады, олар адамның заң шеңберінде өз мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігін білдіреді. Адам құқықтары табиғи және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар – адамның тіршілік етуінен туындайтын құқықтар (мысалы, өмір сүру, еркіндік, жеке басына тиіспеушілік). Әлеуметтік құқықтар – адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар (мысалы, білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру, мүліктерді иелену).

Қоғамдық қарым-қатынастарда құқықтық нормалардың тиімді әсер етуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметінде сот жүйесіне ерекше рөл беріледі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 8-бабында тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ қаралуын талап етуге құқық бекітілген. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен де кепілденген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.

Бүгінгі күні республика соттары «Виртуалды сот» және SMART-сот пилоттық жобаларын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, медиация институты мен татуластыру рәсімдері белсенді түрде дамуда. Республика соттары сот отырыстарын қашықтықтан өткізу үшін аудио- және бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған, бұл сот процесіне қатысушыларға бейнеконференция арқылы қосылуға мүмкіндік береді.

Мобильдік технологиялар адамға сотқа келмей-ақ, үйінде, жұмысында немесе сапарда отырып, смартфоны, планшеті немесе смарт сағаты арқылы сот жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді. Сот отырысына қатысушы өзінің мобильдік құрылғысына «TrueConf» арнайы қосымшасын орнатып, логин арқылы қосыла алады, бұл оның сот арқылы қорғалу құқығын анағұрлым жеңілдетеді.

Жангелдин аудандық соты ауданымыздың облыс орталығынан және ірі қалалардан қашық орналасқанын ескере отырып, сот төрелігін жүзеге асыруда алдыңғы қатарлы электрондық сервистерді қолдануда. Сонымен қатар, республика соттарында «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба дауды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс механизмдерін дамытуға, медиация институтының танылуына бағытталған.

Медиациялық келісім арқылы тараптар даусыз, ұрыс-керіссіз, өз қалаулары бойынша тиімді келісімге келеді. Бұл әдіс сотқа келу шығындарын азайтуға және істі әрі қарай қоздырмауға мүмкіндік береді. Тараптар өз еркін, өз қалауларын білдіре отырып, келісім жасау арқылы конфликтіні тиімді түрде шешуге мүмкіндік алады.

Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ең жоғары демократиялық құндылық. Сондықтан әрбір адам өз құндылығын бағалай білуі және басқалардың құндылығына зиян келтірмеуі тиіс.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне белсенді қатысу, білім беру және ақпараттандыру – қоғамның өркендеуі мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды. Адам құқықтарының сақталуы әр азаматтың өзіне, қоғамға, мемлекетке деген жауапкершілігін қалыптастырады, сол арқылы күшті, әділ және демократиялық қоғам құруға жол ашады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.