Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНА – 50 ЖЫЛ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНА – 50 ЖЫЛ

authorBy author1 ноября, 2024Updated:11 ноября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті, ол еліміздің басты мерекесі Республика күніне тұспа-тұс келді. Осы маңызды күннің құрметіне орталықта бірқатар салтанатты іс-шаралар өтті.

1974 жылы құрылған оқу орталығы жарты ғасыр бойы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін жоғары білікті кадрлар даярлайтын маңызды білім беру мекемесіне айналды. Орталық өз тарихында құқық қорғау саласының қызметкерлерін оқыту мен даярлауға инновациялық тәсілдерді енгізетін заманауи білім беру платформасы ретінде танылды.

50 жыл – бұл айтулы дата, бұл біздің тарихымыз, дәстүріміз және болашағымыз. Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасы кезінде Орталық Азияның бес республикасы мен Ресейдің бірқатар облыстарына мамандар даярлап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған

КСРО ІІМ-нің 1974 жылғы 9 тамыздағы №0613 бұйрығына сәйкес, ІІМ Шымкент орта арнаулы басшы кадрлар даярлау мектебі құрылды.  КСРО-ның бес одақтас республикаларына мамандар дайындады.  Қазақ КСР ІІМ-нің 1991 жылғы 5 тамыздағы бұйрығына сәйкес, Шымкент орта арнаулы басшы кадрлар дайындайтын милиция мектебі болып қайта құрылып, әкімшілік-құқықтық және еңбекпен түзету мамандықтары бойынша орта білікті заң мамандары дайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы  18-қыркүйектегі №1136-51 «С» Қаулысымен ІІМ Шымкент заң колледжі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы №438 Қаулысына сәйкес Шымкент заң колледжіне Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының есімі берілді. Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент заң колледжі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің органдары мен бөлімшелері үшін «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 7500-ге  жуық мамандар  дайындады. 2011 жылдың 26 шілдесінде оқу мекемесінің жүйесін жетілдіру мақсатында, ішкі істер органдарының кадрларын Қазақстан Республикасының Үкіметінің №855 Қаулысымен заң колледжі базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы құрылды.

Бүгінгі таңда оқу орны елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, заң мен заңдылықты қорғайтын мыңдаған мамандарды шығарды. Біз таяу жылдары да Қазақстанның өркендеуі жолында өскелең ұрпаққа білім мен тәжірибе бере отырып, Отан алдындағы борышымызды орындауды жалғастыруға дайынбыз, – деп атап өтті ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы Ғалымжан Есболаев.

Мерейтойдың ашылу салтанаты Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды, онда қатысушылар аты аңызға айналған батырды еске алды.

Іс -шарада Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова сөз сөйледі, ол оқу орталығы – ұлтымыздың ұлы тұлғасының мұрасы екенін және осында оқитын білім алушылардың батырдың рухын, жолын жалғастырушылар екенін атап өтті.

Құрметті қонақтардың қатарында Шымкент қаласының әкімі Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденов, милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов, полиция полковнигі Дархан Молдаханов, Шымкент қаласы “AMANAT” партиясы филиалының төрағасы Мұрат Жолдыходжаев, сондай-ақ орталықтың түлегі Таир Шералиевтің әкесі Нақыпжан Шералыұлы болды.

Іс-шаралар аясында қызмет атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті, сондай-ақ олардың рухтарына арнап ағаштар отырғызылды.

Мереке салтанатты құттықтаулармен және үлкен конференц-залда концерттік бағдарламамен аяқталды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.