Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

authorBy author1 ноября, 2024Updated:11 ноября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты тақырыппен ұйымдастырылған ауқымды кездесу өтті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың бастамасымен жүзеге асқан шараға қоғам қайраткерлері, психологтар, заң саласының мамандары және Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты. 200-ге жуық адам қатысқан бұл жиын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, оны алдын алу және қоғамда осындай теріс құбылыстарды жою мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

 Жиын басталмас бұрын қатысушылар Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын аралап, мұндағы мәдени және тарихи құндылықтарды көріп шықты. Ғасырлық тарихы бар кітапхана жас буынға білімнің және рухани дамудың қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Сондықтан «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» секілді маңызды кездесуді осындай рухани ортада өткізу – терең тәрбиелік мәнге ие. Кітапхананы аралаған қатысушылар рухани құндылықтарды жоғары бағалап, білімнің зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор екенін атап өтті.

 Белгілі тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы жастармен ашық диалог құрып, сұлулық пен жеке тұлға ретінде қалыптасудың маңызына тоқталды. Ол жастарға тек сыртқы сұлулыққа ғана емес, ішкі байлыққа, яғни білім, әдеп және өзіндік мәдениетке мән беруді ұсынды. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың қоғамдағы орны және оның теріс әсері туралы айта келе, Ләйлә ханым әр адамның тұлғалық дамуының қоғамның моральдық деңгейіне тікелей ықпал ететінін баса айтты.

– «Әрбір қыз-келіншек сыртқы сұлулыққа ұмтылады, бірақ нағыз сұлулық ол – білім мен тәрбиемен үйлескенде ғана шынайы мәнге ие болады. Зорлық-зомбылық, әсіресе, отбасындағы түсініспеушіліктер үлкен зардап әкеледі.

Қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң отбасындағы жанжалға барған тұлғаларға жаза қатаңдатуды көздейді. Жиында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының басшысы Сабира Байзақова осы заң аясында жүзеге асқан бірқатар жобалар жайлы айтып берді. Оның айтуынша, соңғы бірнеше ай ішінде Оңтүстік өңірлерде 20-дан астам кездесулер өткізіліп, көптеген азаматтар мен отбасыларға психологиялық көмек көрсетілді. Сабира ханымның сөзінше, халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша зорлық-зомбылықтың тек физикалық және жыныстық ғана емес, сонымен қатар материалдық және эмоционалды қысымның да кең тарағаны анықталған.

– «Біздің орталықтың шаралары арқылы көптеген қыз-келіншектер психологтардың көмегіне тегін жүгінді. Кейбір азаматтарға бірнеше сеанстар жеткілікті болса, ал кейбір жағдайлар ұзақ мерзімді қолдауды талап етеді.

Кездесу барысында Ләйлә Сұлтанқызы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасының мән-маңызын түсіндіріп өтті. Бұл бағдарлама бала сүю бақытына жету үшін отбасыларға ерекше қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарламаға әлі де қатысуға мүмкіндік бар екенін айта келе, Ләйлә Сұлтанқызы әрбір отбасы үшін өзара қолдаудың маңыздылығына назар аударды.

 Кездесу соңында қатысушылар зорлық-зомбылықсыз мәдениет қалыптастыру, азаматтық ұстанымды дамыту және әрбір адамның қоғамдағы рөлін түсіну маңызды деген ортақ шешімге келді. Мұндай басқосулар жастардың санасына зорлық-зомбылықсыз өмірдің маңыздылығын, өзгелерге қамқорлықпен қараудың қажеттілігін ұғындырады. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамда бейбітшілік пен түсіністік мәдениетін дамытуға үлес қосуға болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.