Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ АРТАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН ҚОЛДАУ АРТАДЫ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл да әдеттегідей Президент Жолдауының басым бөлігі халықты әлеуметтік қолдау саласына арналды. Қасым-Жомарт Кемелұлы ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мәселесін үнемі жіті назарда ұстап келеді. Сонымен қатар келесі жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадам деп айтуға толық негіз бар.

Шын мәнінде, біз инфрақұры­лым мен экономиканы дамыту туралы айтқанда ең бірінші кезекте білікті мамандардың жетіспеушілігі деген мәселеге тап келеміз. Барлық салада қазір осындай көрініс. Сондықтан Президент бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, елге қажетті кадрларды даярлауға арналып отыр.

Айталық, бес жыл бұрын жастарға колледжде білім алу үшін көптеген грант бөлдік. Бірақ бұл мәселені шешті ме? Шынын айту керек, жұмысшы мамандықтарына жастар көп қызыға бермейді. Оның беделі айтарлықтай жоғары емес. Тіпті грант саны мен шәкіртақының өскеніне қарамастан, колледжде оқуға ынта білдірушілер қатары аз. Сондықтан бұл Жолдауында Президент жұмысшы маман­дықтарын қолдау туралы айтты. Тіпті осы саланың үздіктеріне арналған мемлекеттік наградалар енгізілмек.

Жұмысшы мамандықтарына қызығушылықтың төмендігіне ең басты себеп – жалақының аздығы. Салыстырмалы түр­де айтсақ, біз бұған дейін мұға­лім­дердің жалақысы төмен болға­нын білеміз. Соның салдарынан бұл мамандыққа көбінесе ұлттық бірыңғай тестілеуде шек­ті балды әрең жинаған, яғни үлгерімі төмендеу түлек­тер келетін. Ал олардан қан­дай ұстаз шығады? Кейін біз салада түбегейлі реформа жүргі­зіп, олардың жалақысын бір­не­ше есеге өсіріп, қажетсіз жұ­мыстардан арылтқанда жағдай мүлдем өзгерді. Бүгінгі таңда мұғалім мамандығына түсіп жат­қан талапкерлердің орташа жинайтын балы 100-ден асып жығылады. Сондықтан кез келген мамандықтың жастар тарапынан қызығушылық тудыруы үшін, ең алдымен, оның жа­лақысын көтеру керек.

Биыл жазда өңірлерде бол­ғанымызда елімізде дәне­керлеуші, кран машинисі, су жолы қызметкері, слесарь секілді қажет мамандардың жетіспейтінін көрдік. Себебі сол – олардың жалақысы аз. Сондықтан ол мамандықтарға ешкім барғысы келмейді. Қа­зір Парламент тарапынан қа­былданған нормативтік-құ­қықтық база бұл бағытта жұмыс істеу үшін жеткілікті. Заңдар бар, енді атқарушы органдар біз айтып отырған жалақы мәселесін көтеру жағымен шұғылдануы керек.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.