Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БАНК СЕГМЕНТІНІҢ ЕЛЕУЛІ БЕЛЕСІ БАСТАЛАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БАНК СЕГМЕНТІНІҢ ЕЛЕУЛІ БЕЛЕСІ БАСТАЛАДЫ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Бізге банктер туралы жаңа заң қажеттігі тәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылатын. Шыны керек, қолданыстағы заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды, экономикалық белсенділікті қолдау және фин­тех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер мүлдем ескерілмеген. Халық­аралық тәжірибеде заң шеңберінде реттеліп келген кейбір мәселелердің біздің елде күрделеніп кетуі банктер туралы заңның қазіргі заман талабына сай болмауынан».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Жолдауында Үкімет пен Ұлт­тық банк бірлесіп оңтайлы шешім қабыл­дау қажеттігін айтты. Мемлекетаралық интеграциялар тым тереңдеп кеткен дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қазір банк сегментіне қатысты инвестициялық көзқарас өзгеру керек. Заң жобасын талқылаған кезде қан­дай бағытқа басымдық беретініміз нақтыла­нып алуы қажет. Банк саласы мүлдем басқа бағытқа өзгере ме, әлде бастапқы кезде сәл ғана өзгерістермен шектеліп қаламыз ба? Бұл заң Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агенттігінің қаты­суымен жасалады. Мұндай жағдайда банк құрылтайшылары көзді ала бере өздері­нің лоббиін тықпалауы әбден мүмкін. Сон­дықтан бұл ретте екінші тарап – тәуелсіз сарап­шылардың, халықаралық қаржы инсти­туттарының пікірі ескерілуге тиіс.

Егер мүдделер арасындағы үйлесім сақталмаса, біз тағы 30 жыл осы өгіз аяңмен жүре береміз. Бұл саясат Үкімет пен Ұлттық банк емес, банк құрылтайшыларына ғана тиімді. Тек технологиялық өзгерістерді ғана көздесек, онда киімімізді немесе аяқ­киімімізді жаңартып, ескі әннен арылмайтын боламыз. Үкімет пен бас банк бұған жол бермейді деп ойлаймын.

Қазір банк клиенттері несиенің нақты құны көрсетілгеннен 3-4 есе жоғары болып шығатынын айтады. Осыдан бірер жыл бұрын Ресейде несиенің жалпы құнын есептеу және бұл туралы клиенттерді хабардар етудің жаңа ережелері күшіне енді. Бұрын банк­тер оның құнын барынша төмендетіп көрсетуге тырысатын. Себебі банктердің нақты кірістілігі туралы ақпаратты жасырып қалуға осы фактор себеп болып келді. Мысалы, банктердің кірістілігі 5-6 пайыздық тармаққа жоғары екені енді айтылып жатыр. Егер осы мәселені зерттеп, заңдастырсақ, банк пен салымшы арасындағы келісімдерде жасырынып жатқан тармақтарды жарыққа шығара аламыз.

Банк сегментінің елеулі белесі басталды деп нық сеніммен айтуға болады. Барлық несие бойынша жалпы қарызды шектеу үшін жаңа макропруденциялық стандарт енгізілді. Стандарттың құны және оны есептеу тәртібі агенттіктің актісімен айқындалады. Бәлкім, нарық­тық экономика болғандықтан, бірте-бірте бекітілген мөлшерлемеден бас тартып, оны базалық мөлшерлеме – құбылмалы мөлшерлемемен байланыстыруымыз керек шығар. Алдағы заң жобасында да бұл мәселелер халықаралық заң талаптарымен үйлестіріледі деп үміттенемін.

Енді құрылтайшылардың жауапкершілігі заңмен шегеленсе, банкке бизнес емес, пайда көзі деп қарайтындардың қатары азайып, жаңа ойыншыларға мүмкіндік беріледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.