Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН КӨПБАЛАЛЫ АНА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН КӨПБАЛАЛЫ АНА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

authorBy author1 ноября, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып, қайтарымсыз қаржы алған болатын.

– Кәсіпті зерттеуге, үйренуге 70 жұмыртқаға арналған инкубатордың көмегі көп болды. Шаруашылықтан тәжірибе жинаған соң ауқымын кеңейтуді көздеп, қайтарымсыз грантқа өтінім жолдадым. Мақұлданған қаржыға сыйымдылығы 2200 жұмыртқаға арналған құрылғыны сатып алдық. 21 күннен кейін жаңа құрылғыға салынған жұмыртқадан алғашқы балапандар жарып шықты. Жартысын балапан күйінде сатып, қалғанын бірер ай көлемінде бағып, тамақтану орындарына саудалап отырмын, — дейді Динара Мелісқызы.

Іскер әйел жұмыртқа жарып шыққан күннен бастап, салмақ жинағанша ветеринарлармен кеңесіп балапандарға қажетті екпе, дәрумендерін салдырып отырады. Грант иегері қазір тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ әрі дәмді бройлер тауықтарына сұраныс өте жоғары екенін айтады. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, мемлекеттік қолдаулар аясында ауқымды құс фермасын ашуды жоспарлауда.

Биыл Шымкентте 426 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Маусым айында комиссияның шешімімен 214 тұрғынға қайтарымсыз қаржы мақұлданды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.