Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН» ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

authorBy author22 октября, 2024Updated:30 октября, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 25 қазанында Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметі басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастығының кезекті форумы өтті. Форумның басты мақсаты – екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейту.

 Форумда екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдер, ең алдымен, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайту және өңірлік даму мәселелерін шешу үшін өңірлер арасындағы диалогтың маңызы зор.

Форум барысында Қазақстанның және Өзбекстанның экономикалық әлеуеті мен ынтымақтастықты дамыту үшін зор мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе, екі елдің арасындағы сауда айналымының артуы, инвестиция тарту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікірлер айтылды.

 Шымкент қаласының әкімдігі Самарқан және Жизақ облыстарының хокимияттарымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізді. Аталған келісімге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, сондай-ақ Самарқан және Жизақ облыстары тарапынан облыс хокимдерінің орынбасарлары қол қойды.

Бұл келісім өңірлер арасында мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда тығыз байланыс орнатуға, инвестиция тартуға және туристер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тараптар бірлескен туристік жобаларды жүзеге асыру, шекаралық сауданы дамыту және мәдени іс-шараларды өткізу арқылы екі елдің азаматтарының арасындағы байланысты нығайтуға ниет білдірді.

 Форум барысында Самарқан облысының туристік әлеуеті мен Жизақ облысында машина жасау саласының дамып келе жатқанын ескере отырып, тараптар бұл салаларда ынтымақтастықты нығайтуға арналған нақты шараларды белгіледі.

Туризм саласында, әсіресе, экологиялық туризм мен мәдени-тарихи маршруттарды дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Өзбекстанның туристік компаниялары бірлесіп, туристік пакеттерді әзірлеу, ақпараттық алмасу, сондай-ақ ортақ жарнамалық кампанияларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Жизақ облысында машина жасау секторында технологиялық ынтымақтастықты дамыту, жаңа өнімдерді бірлесе өндіру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастық форумы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, өңірлер арасындағы байланыстарды арттыруға, сонымен қатар халықтардың достығы мен мәдени байланыстарын тереңдетуге мүмкіндік береді.

Форум нәтижесінде жасалған келісімдер мен ұсыныстар, болашақта Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық дамуына және тұрақты өсуіне оң әсер етеді деп күтілуде. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың артуы – бұл тек экономикалық байланыстар ғана емес, сонымен қатар халықтар арасындағы мәдени және әлеуметтік интеграцияның да белгісі.

Форумның қорытындысында екі елдің министрліктері мен жергілікті билік органдары арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығы, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және өңірлік мәселелерді бірлесе шешу жөнінде ортақ пікірлер айтылды. Болашақта мұндай форумдарды тұрақты өткізу, өзара тиімді жобаларды іске асыру арқылы екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамыту қажеттілігі туралы келісімге келді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.