Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

authorBy author22 октября, 2024Updated:30 октября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып бекітілген. Мерекеге орай Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Бұл шарада әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі мен қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді.

Шараның басталуы алдында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов Шымкенттегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №1, 2, 5 және 6 орталықтарына жаңа микроавтобустардың кілтін табыстады. Бұған дейін микроавтобус тапшылығын сезінген мекемелер енді бұл мәселеден құтылып, жаңа көліктерге ие болды.

«Біздің міндетіміз – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға қызмет көрсету. Бұған дейін газель автокөлігімен жұмыс істеп келдік. Қала әкімінің қолдауымен мерекеге орай жаңа микроавтобустардың кілті табысталды», — деді №5 Аяулы алақан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Серік Бабақұлов.

Шара барысында келушілер әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қызмет алушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Бұл көрме ерекше жандардың шығармашылық қабілеттерін таныту мен қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеде ұсынылған әрбір бұйымның артында жеке тарих, еңбек және шеберлік тұрды, бұл жастар мен балаларға өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Салтанатты жиында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов әлеуметтік сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың жұмысына табыс тіледі.

«Сіздер күн сайын қаламыздағы көмекке мұқтаж, ерекше жандарға қол ұшын беріп, олардың өміріне жарық, мейірім, сенім сыйлайсыздар. Ауыр кезеңдерде сіздердің жұмыстарыңыздың маңызы зор. Әлеуметтік қызмет — тек қызмет емес, үлкен адамгершілік миссия. Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықсыздар», — деді ол.

Сондай-ақ, Қуаныш Жұмабекұлы салада табысты еңбек етіп келе жатқан бір топ қызметкерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен қала әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліммен қатар, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығын атап өтті.

«Сіздер, әлеуметтік сала қызметкерлері, қоғамның жүрегі мен жанысыздар. Сіздің әрбір күш-жігеріңіз бен мейірімділіктеріңіз – адамдардың өмірін өзгертудің кілті», — деді Бахадыр Нарымбетов.

Мереке — қоғамдағы әлеуметтік қызмет көрсету саласының маңыздылығын арттыру

Шымкент қаласында ұйымдастырылған әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі қоғам мүшелеріне әлеуметтік қызмет көрсету саласының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Бұл іс-шара арқылы ерекше жандарға көрсетілетін қолдау мен мейірімділіктің қажеттілігі және әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы рөлі нақтыланды.

Шараның соңында қала тұрғындары мен әлеуметтік қызметкерлер арасында диалог орнатылды. Мерекелік іс-шаралар барысында әлеуметтік қызмет көрсету саласының қызметкерлері мен ұйымдары өзара тәжірибе алмасып, болашақта бірлесіп жұмыс жасау ниеттерін білдірді. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен ролін арттыру үшін бұндай шаралар жүйелі түрде өткізілетіні белгілі.

Мереке аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қоғамда әлеуметтік қызмет көрсету саласының маңыздылығын арттыру мен қоғам мүшелерінің мейірімділік пен қолдау көрсету идеясын насихаттауға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.