Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

authorBy author18 октября, 2024Updated:30 октября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Шымкент қаласында медиация институтын дамытуға арналған бірқатар шаралар өткізілді. Бұл шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, дау-дамайларды медиация арқылы шешу әдістерін насихаттау және этносаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды. «Достық үйі» алаңы тұрғындардың құқықтық мәселелерімен айналысып, әлеуметтік татулықты қамтамасыз ету үшін маңызды орталық ретінде жұмыс істеп отыр.

 1 тамыз күні «Достық үйінде» өткізілген «Ашық есік» күні тұрғындарды құқықтық мәселелер бойынша қабылдауға арналды. Қалалық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшелері тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, дау-дамайды медиация көмегімен реттеудің тиімділігін түсіндірді.

8 тамыз күні «Достық үйінде» «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл шараға медиаторлар мен учаскелік полиция қызметкерлері, жалпы 50-ге жуық азамат қатысты. Семинар барысында қалалық ҚХА медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова және кәсіби медиатор Г.Қожахмет баяндама жасап, медиацияның, соның ішінде этномедиацияның әлеуеті туралы ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-тренингтің мақсаты – медиация әдістерін үйрену, этносаралық келісімді нығайту және тұрғындарға медиаторлардың қызметін таныстыру болды. 5 тамыз – Медиация күніне орай, қалалық ассамблеяның жұмысына белсенді қатысқан үздік медиаторлар марапатталды.

 26-27 қыркүйек күндері «Достық үйінде» «Медиация қызметін жүзеге асырудың жолдары» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Бұл семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» Этномедиация орталығының директоры Л.Узарова, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» этномедиация орталығы директорының орынбасары Ф.Мұсатаева, практикалық психолог Г.Қожахметова қатысып, жергілікті медиаторлардың білім-білігін арттыруға арналған практикалық дәрістер өткізді.

Семинар-тренингке медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандары әкімдіктерінің, құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

 17-18 қазан күндері Шымкент қаласында республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесі «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған тағы бір семинар-тренинг өткізді. Семинарға мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысты.

Семинар-тренингте республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Т.Италиева, республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы Ш.Пулатов, психолог-конфликтолог Р.Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар дәріс оқып, шымкенттік тыңдаушыларға білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

 Шымкент қаласындағы медиация институтын дамыту бойынша өткізілген семинар-тренингтер мен шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік татулықты нығайту және дау-дамайларды медиация арқылы шешу әдістерін насихаттау мақсатында тиімділігін дәлелдеді. Медиацияның әлеуеті, әсіресе этномедиация, тұрғындар арасында келісімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.