Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ

authorBy author18 октября, 2024Updated:30 октября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын «жастар» санатына жатады екен. Қазақстанда «жастар» санаты кеңейіп, қазір 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар «жастар» болып саналады. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр.

Жастар – елдің белсенді буын өкілдері. Қарап тұрсаңыз, жастар өмірдің қозғаушы күші іспетті.

12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бұл мерекеде жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жер-жерде түрлі іс-шаралар қолға алынады. Осылайша, әлем халықтарының жастары бұл күні ерекше атап өтуді жөн көреді. Бұл мерекені атап өтуден Шымкент қаласы да құр алақан емес.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағулова «Жастармен бірге!» жастар күні шеңберінде өтетін онкүндік жоспарын баяндап, брифинг өткізді.

3-15 тамыз аралығында өтетін әр күн нақты атаумен бекітілген. Осы ретте мереке аясында түрлі ағартушылық іс-шаралар, көрмелер мен флешмобтар ұйымдастырылады. Жастар қоғамның барлық саласынан көрініп, белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндік туады.

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Jasyl Marathon’24» экоплоггинг ұйымдастырылып, қаламыздағы Қошқар-Ата мен Бадам өзендерінің бойларында, тарихи-мәдени объектілер мен ескерткіштердің аумақтарына тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы, қаламыздағы барлық сенбіліктерге, тазалық науқандарына қала жастары белсенді қатысуда. Экологиялық жағдайды жақсартуға және жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартуға бағытталған бүкіл республикалық «Жасыл ел» жастар жасағы құрылып, барлық науқандарға белсенді қатысып жүр.

Сонымен қатар, «Денсаулық – зор байлық» күні аясында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күні ұйымдастырылып, офтальмолог, эндокринолог, кардиолог, хирург/травматолог, гинеколог, окулист, невропотолог және стоматолог сынды бірнеше дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексеруден өтетін болады. Сонымен қатар, «Өзгеге өмір сыйла» деген ұранмен қан тапсыру жоспарланып, 60-қа жуық қаланың ерікті жастары қан тапсыруға өтініш білдірген. Жастар келешегіміздің негізі ретінде білімділігімен, жасампаз еңбегімен, күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Алдағы уақытта жастардың ғылым-білімге негізделген жобалары қолдау тауып, игі бастамалары өз жалғасын табатынына сенімдіміз, – дейді Айгерім Абдіохапқызы.

«Мейірімділік мекені» күні аясында қайырымдылықты қолдау, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілету мақсатында Қарттар үйінде 7 тамыз күні концерттік бағдарлама өтеді.

Ал, 8 тамыз – «Адал Азамат» күні аясында жастардың коммуникациялық дағдыларын дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау мақсатында «Қазақстан жастары» қоғамдық пікірін өлшеу қорытындыларын таныстыру форматындағы сараптамалық пікірталас, жастарға мотивациялық кездесулер өтеді.

Іс-шаралар тізімінде жастардың басты мәселесі жұмыссыздық та тасада қалмапты. 9 тамыз күні «Еңбек бәрін де жеңбек» күні аясында «Enbek Fest’ 24» жастар бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

10 тамыз «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атауымен ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, ұлттық сананы нығайту мақсатында әлеуметтік желілерде челлендждер өткізіледі. Сондай-ақ, нашақорлықтың, лудоманияның және вандализмнің таралуының алдын алу мақсатында «Qorǵan’24» жастардың ақпараттық рейді өтеді. Он күндік 12 тамыз күні «Жастармен бірге!» open air форматында концерттік кешпен аяқталады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.