Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

authorBy author29 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жиынға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, психологтар мен қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты. 200-ге жуық адам қатысқан алқалы отырыста жан-жақты ұсыныстар мен тәлімі мол әңгімелер айтылды.
Іс-шара келушілердің Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын аралаудан басталды. Талай жылдық тарихты сөйлеткен кітапхана бөлімдерінің әрқайссы ғасырлардан сыр шертеді. Жастардың ең көп жиналатын орындарының бірі кітапхана. Сондықтан, маңызы мол іс-шара дәл осы ғимараттар өтті. Жиында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін жан-жақты талқылап, оның қоғамдағы теріс салдарын азайту, алдын алу және жою бойынша пікір алмасты. Ләйлә Сұлтанқызы жастармен ашық сұхбат құрып, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамытудағы әр адамның рөліне назар аударды.
– Қазіргі нарықта әрбір қыз сұлулықты қалайды. Дегенмен, сұлулық ол – білім, әдеп, дұрыс қалыптасқан тұлғада болады. Ал, нәзіктік пен қарапайымдылық барлық уақытта трендте. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғам үшін қалыпты болуы мүмкін. Бірақ әйелдің болашақтағы болмысы үшін, өмірі үшін үлкен қауіп тудырады. сондықтан, екі жақты келісімге келу арқылы барлық түсініспеушіліктің алдын алуға болады,-дейді тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның күшіне енгеніне 4 айдан астам уақыт болды. Отбасының берекесін алып, жұбайы мен бала-шағасына қол көтергендерге жаза қатаңдатылған. Ел ішінде ең көп талқыланған заң аясында біршама жобалар да қолға алынған. Мәселен, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау ортылығының басшысы Сабира Байзақова бүгінге дейін 20 кездесу ұйымдастырылғанын айтты.
– Кездесулердің басым бөлігі, Оңтүстік өңірлерінде болады. Әртүрлі тақырыптар қамтылады. Жиынға келушілер өз қалауларымен психологтардың көмегіне тегін жүгінуіне мүмкіндік алған. Кейбір қыз-келіншектер алғашқы сеанстардан оң нәтиже берсе, енді бірі жарты жылдық уақытты талап етеді. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын жүргізу нәтижесінде халық арасында сауалнама жүргіздік. Тек жыныстық, физикалық күш көрсетуден бөлек материалдық қысымда бар екені анықталды,-дейді Сабира Байзақова.
Жиын барысында Ләйлә Сұлтанқызы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл сайын бөлінетін «Аңсаған сәби» бағдарламасына әлі де қатысуға болатынын айтты. Тәлімі мол кездесу жастардың санасына зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымның болуы керек деген тұжырыммен аяқталды.
Шымкент келбеті
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.