Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

authorBy author17 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы биыл көптеген маңызды бағыттарды қамтыды. Атап айтқанда, педагог, ана, әйел ретінде бізді қуантатын басты мәселелердің бірі – ұлт саулығы мен ұрпақ тәрбиесі, әлеуметтік қолдау.

 Қазақстанда әлеуметтік салаға, әсіресе балаларды қорғауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнаманың қатаңдатылғаны ерекше атап өтілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдатып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықтың негізі болып табылады. Сонымен қатар, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды, бұл мемлекетіміздің әлеуметтік саясатында оң өзгерістердің басы болып табылады.

 Сонымен қатар, мемлекет тарапынан балаларға көрсетілетін қолдау жалғасатыны да Жолдауда нақты көрсетілді. Ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балалар спортын дамыту, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту – бұл шаралардың бәрі мемлекетіміздің болашағын ойлағанын көрсетеді.

1300 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу, “Әлеуметтік әмиян” жобасының тетіктерін жүйелеу, сондай-ақ балаларды әлеуметтік қорғау мен дамыту үшін жаңа бастамаларды енгізу – мұның бәрі балалардың жағдайын жақсартуға және білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды қадамдар.

 Жолдауда айтылғандай, балалар мен әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу үшін құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажет. Бұл орайда, қоғамның барлық мүшелерінің жауапкершілігі мен белсенділігі маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, олардың тұрғындармен байланысын нығайту, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу – осылардың бәрі қылмыс деңгейін төмендетуге және қоғамдағы сенімділікті арттыруға ықпал етеді.

 Президенттің Жолдауы – еліміздің әлеуметтік саясатын нығайту мен болашағын ойлау жөніндегі нақты бағдар. Балалар тәрбиесі – ұлттың болашағы. Сондықтан, мектептер мен отбасыларда балаларға қажетті тәрбиені беру, олардың білім алуына, спортпен айналысуына, шығармашылықпен шұғылдануына жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз.

Отбасы – қоғамның негізгі құрылымы. Жолдауда отбасылық-демографиялық саясатқа да назар аударылды. Ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау – бұл біздің еліміздің дамуындағы маңызды факторлар. Ата-аналардың және мемлекет тарапынан қолдаудың үйлесімді жүйесін құру – балалардың толыққанды дамуында шешуші рөл атқарады.

 Жолдауда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де қарастырылды. Бұл бағыттағы бастамалар балалар мен отбасыларға көрсетілетін қолдауды нығайтуға бағытталған. Әлеуметтік кәсіпкерлердің рөлі – әлеуметтік мәселелерді шешуге, сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі баланың және отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталады.

 Жолдауда айтылған шаралар мен бастамалар Қазақстанның келешек ұрпақтарына арналған сенімді негіз қалыптастырады. Еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың атсалысуы, балалардың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру – біздің ортақ міндетіміз. Президенттің берген тапсырмалары мен стратегиялары еліміздің әлеуметтік жүйесін одан әрі нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, және жалпы қоғамдағы әділдікті сақтауға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.