Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ІСІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ІСІ

authorBy author17 ноября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Отбасындағы зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан соңғы жылдары гендерлік саясатты іске асыруда елеулі жетістіктерге жетті. Бұл ретте әйелдердің әлеуетін дамыту, еңбек нарығында, бизнесте, саясатта және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ ананы жан-жақты қорғау мәселелері басты назарда.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» өкілдері №9 Шымкент қалалық емханасының мамандарымен бірлесіп, «Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» атты Жаңаталап тұрғын алабының аналарымен еркін форматта кездесу ұйымдастырды.

— Шалғай аймақта тұратын аналармен байланыс орнатып, оларды қолдау мақсатында осындай кездесулер ұйымдастырып жатырмыз, — дейді «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының» маманы Айжан Молдабаева. — Бұл кездесулердің негізгі мақсаты — қиын жағдайға түскен аналарды қолдау, үйде отырған көп балалы аналарды жұмысқа немесе кәсіпке баулу, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау.

Кездесу барысында «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Айтбекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, ол «Бақытты жанұя» орталығы сияқты әлеуметтік мекемелердің әйелдерге қолдау көрсететінін, тегін кәсіптік оқулар жүргізетінін атап өтті. — Біз Шымкент қаласының әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, көмек сұраған аналарға кеңес беріп отырамыз, — дейді ол.

Кездесуде әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттырудың маңызы да қаралды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін бизнес-идеяларды жүзеге асыруға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және кәсіпкерлік дағдыларды меңгеруге арналған тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарлануда.

— Біз бизнес жүргізудің негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы аналардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат етіп отырмыз, — деді Айжан Молдабаева. — Кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан аналарға арнап арнайы бағдарламалар әзірленетін болады.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулерді алдағы уақытта шалғай орналасқан басқа да тұрғын алаптардың тұрғындарымен өткізуді жоспарлап отыр.

— Біздің мақсатымыз — аналардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, оларға психологиялық және практикалық қолдау көрсету, — деді Айжан Молдабаева.

Гендерлік саясаттың тиімді іске асырылуы — қоғамның тұрақтылығын арттыру мен отбасы институтын нығайтуға үлкен ықпал етеді. Осындай шаралар арқылы қоғамда зорлық-зомбылық мәселелерінің алдын алу, аналардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және олардың құқықтарын қорғау жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі қамтамасыз етіледі.

Шымкенттегі осы кездесулер — әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында маңызды қадам болып табылады. Мемлекет пен қоғамның бірлескен әрекеттері арқылы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Болашақта әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдағы олардың рөлін күшейту, сондай-ақ гендерлік теңдікті нығайту бағытында бірқатар жаңа бастамалар мен бағдарламалар іске асырылуы жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.