Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ: ОТБАСЫ БАҚЫТТЫ ӨЗ ҚОЛЫҢДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ: ОТБАСЫ БАҚЫТТЫ ӨЗ ҚОЛЫҢДА

authorBy author17 ноября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың 23 қыркүйегі күні Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Бәйтерек» жастар ұйымы «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Бұл шара Шымкент қаласындағы ДСБ Шымкент жоғарғы медицина колледжінде ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты — жастар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның зардаптары туралы ақпарат беру, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер тарапынан көрсетілетін қолдауды таныстыру. Отбасы — қоғамның негізі, сондықтан оның мықты әрі бақытты болуы маңызды.

Кездесуге көптеген танымал спикерлер мен ұйым басшылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:

Байзахова Сабира Мұратқызы — «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының басшысы, отбасылық мәселелер бойынша сарапшы.

Жандосова Баян Айтбекқызы — «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» төрайымы, қала әкімінің гендерлік саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі, әйелдер құқығын қорғаушы.

Ескендирова Мариям — Шымкент ҚПД, Қаратау АПБ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, құқық қорғаушы.

Төлеген Назерке Нұрланқызы — Шымкент ҚПД, Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, тәжірибелі психолог.

Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері мен зардаптары туралы лекция оқыды. Спикерлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың әлеуметтік, психологиялық және экономикалық салдарына тоқталды.

Шара барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Бұл видеолар жастарды отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақырып, оларға құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Дегенмен, бейнероликтер зорлық-зомбылықтың нәтижесінде өмірі мен психологиясы зардап шеккен адамдардың тәжірибелерін көрсетіп, қоғамда осы мәселенің қаншалықты өзекті екендігін айқындайды, деді — Жандосова Баян Айтбекқызы

Кездесу барысында жастардың отбасы мен қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді. Олар — өзгерістердің қозғаушы күші. Жастардың белсенділігі, жауапкершілігі мен білімдері отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында маңызды рөл атқарады.

Кездесуде жастарды отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және отбасылармен ынтымақтастыққа шақырды. Қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықты жою үшін бірлесе жұмыс жасау, ақпарат алмасу және проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табу қажеттілігін атап өтті.

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу — баршаға ортақ міндет. Шымкент қаласында ұйымдастырылған бұл шара жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға, оларға құқықтық білім беру мен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған маңызды қадам болды.

Кездесу соңында қатысушыларға отбасы бақытын өз қолына алуға, зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігіп жұмыс жасауға шақырды. «Отбасы бақытты — қоғам бақытты!» деген ұранмен шара өз мәресіне жетті.

Бұл кездесу — жастардың санасына зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне төзбеушілікті сіңіру, оларға құқықтарын түсіндіру, сондай-ақ, отбасылық құндылықтарды насихаттау үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Жастар, отбасының бақытты болашағы — олардың қолында! Сөз соңында баршамызды ұлт болып ұйысып, бірігуге, бірге атсалысуға шақырды , психолог Назерке Нұрланқызы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.