Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚОҒАМДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОҢ КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚОҒАМДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОҢ КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРУ

authorBy author17 ноября, 2024Updated:17 ноября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Есірткі және нашақорлық мәселесімен күресуді тек мемлекеттік органдардың немесе жеке адамдардың күшімен жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл күрес әрқашан қоғамдық үйлестіруді, бірлескен күш-жігерді талап етеді. Сондықтан Шымкент қаласында осы індетке қарсы тұру мақсатында жалпы қоғам болып белсенділік танытудамыз.

 Есірткіге қарсы күрес шараларына жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдармен қатар, саяси партиялардың өкілдері, жастар ұйымдары, әлеуметтік қызметкерлер және қоғамның басқа да белсенді мүшелері тікелей қатысуда. Мұндай ынтымақтастық қоғамда нашақорлыққа қарсы оң көзқарас қалыптастыруға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 Шымкент қаласының полицейлері прокуратура қызметкерлерімен бірге азаматтардың есірткі ортасына түсудің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Есірткі заттарын жарнамалайтын және насихаттайтын орындарды анықтап, жоюға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағытта ұйымдастырылған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушылықтарды төмендетуге мүмкіндік туып отыр.

 Кезекті іс-шара Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы және «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. Аудан прокуратурасының орынбасары іс-шараға қатысып, есірткі мен нашақорлықпен күресуге өз үлесін қосты.

Іс-шара барысында жастармен кездесіп, нашақорлықтың қауіптілігі мен есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді. Прокуратура өкілі жастарға «Есірткі – бұл жас өмірді улаушы, қылмыстың бастауы. Сондықтан, жеке қауіпсіздік үшін есірткі қылмыстарына жоламау керек. Есірткі – бұл өмірлік жол емес, ол өлімге апаратын ақтық сапар. Оның артында адам мен ұлт тағдыры тұрғанын естен шығармауымыз керек» деп атап өтті.

 Салауатты өмір салтын ұстануға шақырумен қорытыла отырып, аудан прокуратурасы алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың жалғасатынын жеткізді. Жастарға есірткіге қарсы күресте белсенділік таныту, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстау, салауатты өмір салтын насихаттау аса маңызды.

 Сондай-ақ, білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу де қолға алынған. Мектептер мен колледждерде ұйымдастырылған семинарлар мен дәрістер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткінің зиянды әсерлері туралы хабардар етуге бағытталған. Мұндай жұмыстар арқылы жас ұрпақты есірткіден алшақтатып, салауатты өмір сүруге ынталандыру көзделеді, деп айта аламыз.

 Елімізде есірткіге қарсы күресте қоғамның барлық мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар және жастар ұйымдарының қатысуы маңызды. Тек бірігіп жұмыс істегенде ғана біз есірткіге қарсы күресте оң нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Сондықтан, жастарымызды салауатты өмір сүруге, есірткіге қарсы белсенді болуға шақырып, олардың қауіпсіздігі үшін бар күшімізді жұмсауымыз қажет.

 Есірткімен күрес – бұл тек бір күннің ісі емес, үздіксіз процесс. Қоғамдық қатынастар мен ақпарат алмасу арқасында жастарымыздың болашағы үшін күресуіміз қажет. Жастарымыздың зор потенциалын ескере отырып, оларға қолдау көрсетіп, нашақорлыққа қарсы күресіміздің тиімділігін арттыруымыз керек. Тек сол кезде ғана біз қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыра аламыз. Жастарымыз салауатты өмір салтын ұстанып, қауіп-қатерсіз елде өмір сүрсін.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.