Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

authorBy author26 октября, 2024Updated:29 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

25 қазан – Республика күніне орай Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, «Менің елім – Қазақстан!» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. Бұл шара еліміздің егемендігі мен бірлігін атап өту, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, сондай-ақ еліміздің тарихы мен мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Н.Мейірбеков ашып, қатысушыларды Республика күнімен құттықтады. Бұл күні еліміз үшін аса маңызды, себебі 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданды. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мерекелер қатарына қосылып, кең көлемде тойлана бастаған болатын.

Жиында сөз сөйлеген Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың департамент директоры, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Қ.Анарбаев Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, ел тарихындағы шешуші кезеңдерді атап өтті. Ол жастарды Қазақстанның болашағына жауапкершілікпен қарауға, еліміздің тарихын тереңірек зерттеп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Достық» клубының жетекшісі Г.Сейдахметова болса, Қазақстанның бірлігінің басты негізі — мәдениет пен тілдің әр алуандығында екенін атап өтті. «Біз әртүрлі ұлттар мен этностардан тұрамыз, бірақ ортақ мақсатымыз — Қазақстанды гүлдендіру. Сондықтан да, мәдени алмасуларды, тіл үйренуді, бір-бірімізді түсінуді дамытудың маңызы зор», — деді ол.

«Қазақстан неміс жастары одағы» төрағасының орынбасары А.Дрейлинг дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі жылдарындағы табыстарымен таныстырып өтті. Ол еліміздің халықаралық аренадағы беделінің артуы, экономикасының нығаюы, жастардың білім мен ғылымда жетістіктерге жетуі жөнінде айтты.

Жиын барысында сөз алған Қайрат Сапарханұлы, еліміздің бірлігінің басты кілті — өзара түсіністік пен достық екенін атап өтті. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос», — деп Абайдың даналығын келтіріп, жастарды бірігуге, ортақ мақсатқа ұмтылуға шақырды. «Қазақстанда тұратын әр адам осы елдің бір бөлшегі екенін түсінуі тиіс. Біз бір мақсатта, бір бағытта, еліміздің игілігі үшін адал еңбек етуіміз керек», — деді ол.

1990 жылғы 25 қазан — Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылдануы еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл декларация тәуелсіздікке жол ашып, Қазақстанның болашағын анықтауға бағытталған. Егемендік жылдары Қазақстан түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырып, халықаралық аренада өзінің орнын табуда.

Жастар — ел болашағы, олар ұлттық құндылықтарды насихаттап, Қазақстанның мәдениетін, тарихын зерттеуге үлкен жауапкершілік арқалайды. Дөңгелек үстел барысында жастар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, еліміз үшін пайдалы жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын айтты. Олар мәдени шараларды, әлеуметтік жобаларды, және волонтерлік бастамаларды белсенді түрде қолға алуға дайын екендіктерін білдірді.

«Менің елім – Қазақстан!» дөңгелек үстелінің мақсаты — еліміздің бірлігін, татулығын, және жастардың патриоттық сезімін арттыру болды. Республика күніне орай өткен бұл жиынның қорытындысы жастардың еліміз үшін жауапкершілігін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз. Қазақстанның тәуелсіздігі — әрбір азаматтың жүрегінде, ал еліміздің болашағы — жастардың қолында.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.