Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕГІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС: МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР

authorBy author19 октября, 2024Updated:26 октября, 2024Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында құқық қорғау органдарының атқарған жұмыстары, әсіресе, кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтарды азайту бағытындағы шаралар біршама жетістіктерге жеткенімен, қаладағы есірткі қылмыстарының артуы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша 2616 адамға «қорғау нұсқамасы» шығарылып, өткен жылмен салыстырғанда 9,0%-ға артқан. Сонымен қатар, алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға 435 адамға сотпен шектеу қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан екі есеге көп. Алайда, полицияның назарын аударатын негізгі мәселелердің бірі есірткі қылмыстары болып отыр.

 Соңғы бес жылда Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен анықталған есірткі қылмыстарының саны елеулі түрде өскен. 2019 жылы 218 есірткімен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық анықталса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 272-ге, 2021 жылы – 350-ге, 2022 жылы – 455-ке, ал 2023 жылы – 612-ге жеткен. Осылайша, соңғы бес жылда есірткі қылмыстарының өсу көрсеткіші 218-ден 612-ге немесе 3 есеге артқан.

Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында полиция қызметкерлерімен 201 есірткімен байланысты құқық бұзушылық анықталған. Бұл 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (225 құқық бұзушылық) біршама төмендегенімен, есірткімен байланысты мәселелердің шешілмегенін көрсетеді.

 Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаладағы түрлі орындарда есірткі заттары мен олардың интернеттегі сілтемелері жарнамаланған 3 мыңнан астам граффити-суреттерді жойды. 3718 граффити-суреттің жойылуы – есірткі жарнамаларына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Бірақ, граффити арқылы жарнама мәселесін шешу үшін тек жоюмен шектелмей, жастардың санасына әсер ету керек. Әрбір граффити артында белгілі бір әлеуметтік проблема жатыр, сол себепті жастармен профилактикалық жұмыстар жүргізу маңызды.

Есірткі қылмыстарына қарсы күресте полиция қызметкерлеріне қоғамдық ұйымдар, еріктілер мен қала тұрғындарының қолдауы маңызды рөл атқаруда. Полиция мен еріктілер бірігіп, әрбір аумақты үйме-үй аралап, көше аралық және аула аралық тексерулер жүргізуде. Сонымен қатар, жастар арасында есірткі заттарының зияндығын түсіндіретін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру, ақпараттық науқандар өткізу – бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі.

 Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қоғамда ерекше назар аудару қажет. Полицияның кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаудағы басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, оларға есірткінің зиянды әсерлері туралы ақпарат беру. 2023 жылдың бес айында 3329 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 378 құқық бұзушылық жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл-көтеру орындарында болуы.

Шымкент қаласындағы есірткі қылмыстарының өсуі құқық қорғау органдарының басты назарында. Аталған мәселені шешу үшін кешенді шараларды қолға алу, қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жандандыру, жастар арасында құқықтық және психологиялық білім беру жұмыстарын жүргізу қажет. Тек осылайша ғана қоғамды есірткімен байланысты қылмыстардан қорғауға болады. Қала тұрғындары мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігері арқылы Шымкентте қауіпсіз және сау қоғамды қалыптастыруға мүмкіндік бар.

Бұл бағытта мемлекет, қоғам және отбасылардың жауапкершілігі ерекше маңызды. Тек бірлескен әрекет пен жүйелі жұмыстар нәтижесінде, Шымкент қаласы – жастарымыз үшін қауіпсіз әрі болашағы зор қалаға айналатынына сенімдіміз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.