Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ: «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»
ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ: «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты республикалық отырысы өтті. Бұл іс-шара еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешу мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

 Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан өңірлік Ақсақалдар кеңесін құруды тапсырған еді. Бүгінгі күні елімізде 1200-ден астам Ақсақалдар кеңесі құрылып, олар ел ынтымағын арттыру, қоғамдық келісімді сақтау және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында белсенді жұмыстар атқаруда. Кеңес құрамына танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени және ардагерлер ұйымдарының өкілдері кіреді. Жалпы, әртүрлі деңгейдегі кеңестердің құрамында 7 мыңнан аса азамат бар.

 ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ақсақалдардың қоғамдағы рөлі мен даналығын атап өтіп, Достық үйінде өтіп жатқан отырыстың жақсылықтың нышаны екенін жеткізді. «Қазақ қоғамында ақсақалдар – даналық пен әділдіктің символы. Олар бейбітшілік пен бірлікті сақтай отырып, ел арасындағы мәселелерді шешуде әділ төрелігін айтқан. Бүгін де сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз жастарға дұрыс жол сілтеп, ұлттық құндылықтарды санасына сіңіруге септігін тигізе алады», – деді ол.

Марат Әзілханов, сонымен қатар, Президенттің «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, адал еңбек ету, табысқа жету және әділеттілікті бәрінен жоғары қою қажеттігін айтты. «Біз жастарды адал және жауапты азаматтар ретінде тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана еліміздің болашағы жарқын болады», – деп атап өтті ол.

 Ғалым Шойкин өз сөзінде ақсақалдардың этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлі мен маңызына тоқталып, олардың қатысуы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ететінін атап өтті. Ақсақалдардың даналығы мен тәжірибесі, әсіресе жастарға тәрбиелік мәні бар үлгі ретінде көрінуі маңызды.

Отырыста еліміздің әр аймағынан келген ақсақалдар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, ел бірлігін нығайту жолында мемлекеттік құрылым өкілдерімен кездесулер өткізу маңызды екенін айтты

Ақсақалдар кеңесінің өкілдері отырысқа оң баға беріп, мұндай шараларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды. Олар халықпен тығыз байланыста болу, жастармен кездесулер ұйымдастыру арқылы қоғамдағы келісімді нығайтуға бағытталған жұмысты жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша, Ақсақалдар кеңесі жастарды тәрбиелеу мен олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру бағытында кешенді бағдарламалар әзірлеуді ұсынды. Бұл бағдарламалар ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау мен дамытуға бағытталатын болады.

Ақсақалдар кеңесінің қызметі еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ел игілігі жолында қажырлы еңбек етіп, жастарға тәрбие беруге бағытталған жұмыстардың нәтижесі қоғамымыздың болашағына оң әсер ететініне сеніміміз мол. Ақсақалдарымыздың даналығы мен тәжірибесі еліміздің дамуында, жастардың санасында ұлттық құндылықтарды сақтау үшін зор үлес қосатыны анық.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.