Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ: КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ АТСАЛЫСАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ: КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ АТСАЛЫСАДЫ

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жүргізіп, комиссияның жаңа құрамын таныстырды. Жиында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен мүшелерді 6 секторға бөлу мәселелері талқыланды.

Комиссия төрағасы Сәрсен Құранбек, төрағаның орынбасары Дариякүл Қожамжарова, ал хатшысы Тоғжан Манкешова тағайындалды. Жиында комиссияның 26 мүшесі толық таныстырылып, олардың қаладағы барлық басқармалар мен салалардың өкілдерін қамтуы маңызды екені атап көрсетілді. Төраға Сәрсен Абайұлы: «Комиссия құрамына қоғамның барлық топтарын қамтуға тырыстық, бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының тапсырмалары аясында комиссияның жаңа құрамы құрылды. Комиссияның алдағы жоспарына сәйкес, наурыз айында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайын бақылау, Ана мен бала денсаулығын жақсарту, баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылу барысы, полиция жанындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторларының жұмысын жақсарту, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарының ауқымды іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Комиссияның жұмысын 6 негізгі бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарлануда:

Әлеуметтік-демографиялық даму: Туу, өлім-жітім, денсаулық сақтау, ажырасу, көші-қон мәселелері қарастырылады. Бұл бағытта отбасылардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын бақылау маңызды;

Экономикалық мүмкіндіктер: Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту, еңбек қатынастары мен экономикалық қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Комиссия әйелдердің жұмысқа орналасу және кәсіби дамуына ерекше назар аударады;

Отбасы және мәдени-адамгершілікті дамыту: Отбасының дамуы, мәдени тәрбие беру, ұлттық кодты сақтау. Бұл бағытта отбасылық құндылықтарды насихаттау маңызды;

Қауіпсіздік: Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, қиын өмірлік жағдайды жеңу. Комиссия зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейтеді;

Гендерлік саясат: Гендерлік теңдік, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Бұл бағытта әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуын арттыру жоспарлануда;

Балалардың қауіпсіздігі: Балалардың құқықтарын қорғау, балалар жарақатының алдын алу. Комиссия балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, жыл бойы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, гендерлік тең құқыққа қол жеткізу және отбасылық-демографиялық саясатты жақсарту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу көзделген.

Шымкент қаласындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның жаңа жұмыс жоспары еліміздің әйелдерінің құқықтарын қорғауға, отбасы мен балалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Сәрсен Құранбектің айтуынша, «Азаматтық қоғам, Әділетті Қазақстан мәселесі, құқықтық мемлекетті құру сіздер мен бізден басталады». Комиссияның жұмысы арқылы әйелдер мен балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударуға, олардың құқықтарын қорғауға, және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге ықпал ету көзделуде.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.