Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МАСС МЕДИА: ЖАҢА ЗАҢ – ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МАСС МЕДИА: ЖАҢА ЗАҢ – ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы жылдары дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп, жаңа медиа түсінігі қалыптасуда. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл өзгерістер халықаралық тәжірибелер мен қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, масс-медиа туралы заңнаманы қайта қарауды талап етеді. Жаңа заң жобасы жұртшылықтың талқылауына ұсынылды және оны әзірлеуге білікті заңгерлер мен сарапшылар тартылды.

 Жаңа заң жобасының басты мақсаты – журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтерді өзгерту. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңға енгізілетін түзетулер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Бұл өз кезегінде журналистердің мемлекеттік органдардан ақпарат алу мәселесіне елеулі өзгерістер әкеледі.

 Журналистерге білім мен тәжірибе қажет, себебі медиаға шабуылдар мен манипуляциялар көбейіп келеді. Сондықтан журналистер шындықтың жағында тұрып, ақпараттың дұрыс әрі жедел берілуіне жауапты болуы тиіс. Журналистер үшін семинарлар мен басқосулар өткізу — біліктілікті арттыру үшін аса маңызды. Медиасауаттылықты арттырудың нәтижесінде халықтың ақпараттық сауаттылығы да көтерілмек, бұл өз кезегінде қоғамда ақпаратқа негізделген пікірлердің қалыптасуына ықпал етеді.

 Заң жобасы 78 баптан тұрады, олардың арасында 33-бап «Баспасөз картасы» деп аталады. Бұл картаның болуы журналистерге арнайы құқықтар береді. Алайда журналистер арасында 35-баптың 28-баптан не себепті бөлектенгені жөнінде сұрақтар туындауда.

Заң жобасында ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылған. Сұраныс хатқа жауап беру мерзімінің 7 күннен 5 күнге қысқаруы БАҚ өкілдері үшін жағымды жаңалық болып табылады. Бұдан басқа, заң жобасында жарияланатын ақпараттың сапасын көтеру және журналистердің этикалық нормаларын сақтау міндеттемелері де ұсынылған.

 Заң жобасында сөз бостандығы, шығармашылық бостандығы, ақпаратты алу мен таратуға Конституцияда кепілдік берілген нормалар қарастырылған. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты ақпаратпен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, мемлекеттік құпияларды жария ету, экстремизмді насихаттау секілді әрекеттерге тыйым салынады. Қазақстанның масс-медиа заңнамасындағы өзгерістер журналистердің құқықтық мәртебесін ғана емес, олардың қоғамдағы рөлін де анықтайды Журналистер халықтың тілегі мен мұң-мұқтажын жеткізуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекет БАҚ өкілдеріне қолайлы жағдай жасауға міндетті. Заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі — осы жағдайды қамтамасыз ету.

Дархан Мыңбай, Мәжіліс депутаты, заң жобасын кәсіби мамандардың кең ауқымда талқылауын, олардың пікірлері мен ұсыныстарын енгізуді маңызды деп есептейді. Осындай ашық диалог арқасында ғана медиа саласы жаңа стандарттарға сай дамып, журналистер мен қоғамның арасындағы байланысты нығайта алады.

Жаңа медиа заңнамасы Қазақстанның ақпараттық кеңістігін жаңартуға, демократиялық құндылықтарды нығайтуға және қоғамның ақпаратқа деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу құқығының қорғалуы, журналистердің кәсіби деңгейін көтеру — жаңа заң жобасының негізгі мақсаттары.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.