Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢ: ЖАҢА КЕЗЕҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ЫҚПАЛЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢ: ЖАҢА КЕЗЕҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

authorBy author16 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі қоғамда ақпараттың рөлі барған сайын артып келеді. Осыған орай, «Масс-медиа туралы» заңның қабылдануы — Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің дамуына маңызды қадам. Бұл заң журналистердің құқықтарын қорғауды, БАҚ-тың қызметін реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі контенттің үлесін арттыруды мақсат етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби мерекесі қарсаңында қол қойған жаңа заң жобасы медиа саласының дамуына тың серпін беретіндігі сөзсіз.

 Жаңа заң «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» бұрынғы заңдардың күші жойылуымен күшіне енді. Заңның қабылдануына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауындағы тапсырма себеп болды. Бұл жолдауда бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдісін ескере отырып, олардың құқықтық мәртебесін қайта қарау қажет екені атап көрсетілді.

Заң жобасының негізгі ерекшелігі — масс-медиа ұғымының кеңейтілуі. Бұл интернет-ресурстарды да бұқаралық ақпарат құралдарының қатарына қосып, оларға тең құқықтар беру арқылы жүзеге асты. Осылайша, заманауи медиа форматтары заңмен қамтылған.

 Заңда журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше назар аударылды. «Журналистің ерекше мәртебесі» ұғымы енгізілді, бұл журналистердің ақпаратты іздеу, алу және тарату кезіндегі құқықтарын қамтамасыз етеді. Енді журналистердің өздері ұсынған ақпарат үшін жауапкершілігі бір жыл мерзімінде қаралады. Бұл жаңалық ақпарат жинау процесін жеңілдетіп, журналистерге өз жұмыстарын сапалы әрі жедел атқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, БАҚ-қа сауалдарына жауап беру мерзімі бес жұмыс күнімен шектелді. Бұған дейін журналистер сауалдарына айлап жауап ала алмай, қиындықтарға тап болатын. Енді бұл мерзімнің қысқаруы жедел ақпарат таратуға жол ашады, бұл қоғамда ақпараттың жеделдігін қамтамасыз ету үшін маңызды.

 Заңның талас тудырған тұсы — мемлекеттік тілде ақпарат таратудағы пайыздық үлес. Қазақтілді және орыстілді журналистер арасында мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалардың көлемін 50 пайыздан 60 пайызға ұлғайту туралы ұсыныс бойынша пікірлер екіге бөлінді. Қазақтілді журналистер «қазақша контент жасауға жағдай жоқ» десе, орыстілді журналистер бұл ұсынысты қолдамады. Дегенмен, заңда 60 пайыздық меже бекітілді, бұл еліміздің тілдік саясатына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Заңның тағы бір жаңалығы — аккредиттеу картасы. Журналистер түрлі іс-шараларға қатысу үшін мемлекеттік органдарға өтініш беріп, ұзақ процесс өтетін. Енді аккредиттеу картасы цифрлық платформа арқылы беріледі, бұл журналистердің ақпарат көздеріне қолжетімділігін жеңілдетеді.

Сонымен қатар, жаңа заң аясында БАҚ-қа қаржылық қолдау көрсету мәселесі де қарастырылған. Мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін гранттық қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл шара отандық медиа нарығын қолдауға, сапалы ақпараттық өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

  «Масс-медиа туралы» заң — Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамытуда маңызды кезең. Жаңа заң журналистердің құқықтарын қорғауға, мемлекеттік тілдегі контенттің үлесін арттыруға, ақпараттың жедел таралуына мүмкіндік береді. Алайда, оның тиімділігі тек тәжірибеде көрініс табатын болады. Заңның қабылдануы — тек құқықтық аспектілермен шектелмей, қоғамның ақпараттық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Болашақта медиа саласындағы тұрақтылық пен сенімділік қамтамасыз етіліп, журналистиканың әлеуеті артатынына сеніміміз мол.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.