Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қаржы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

authorBy author11 июня, 2024Updated:13 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысы бойынша басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік қызмет көрсететін орталық, мүгедектігі бар адамдарға және қарт азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп келеді.
Оның ішінде 10 мекемеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандарттарына сәйкес мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсетумен айналысады.
Оған қоса аудан, қала әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қарасты 49 үйде қызмет көрсету бөлімдері мен 11 күндізгі қатынау бөлімшелерінде үйде және күндізгі болу жағдайында, мүгедектігі бар балалар мен жалғызілікті қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.
Өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде жалпы саны мыңнан астам әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде: стационарлық үлгідегі мекемелерде – 20, жартылай стационарлық үлгідегі мекемелерде 7 әлеуметтік маман жұмыс істесе, қалған мамандар аудан, қалаларда үйде әлеуметтік қызмет көрсету және күндізгі қатынау бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет атқарады.
Айта кетейік жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мүгедектігі бар балаларды оңалту орталықтары Түлкібас, Сайрам, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласында орналасқан. Сонымен қатар 1 жекелеген санаттағы азаматтарға қысқа мерзімде сауықтыру мен демалуды ұсынатын «Ардагерлер үйі» жұмыс істейді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.