Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда терең орнықтыру қажеттілігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыру, алаяқтық әрекеттердің алдын алу, және заңға бағынатын қоғам құруға бағытталған нақты шаралар мен бастамаларды ұсынды. Бұл қадамдар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің тиімді жұмысын көрсететін маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге енуі қаржылық алаяқтардың әрекеттерін күшейтіп, азаматтарға қауіп төндіруде. Қаржы және экономика негіздерін білу, сондай-ақ қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру – қазіргі таңда маңызды қажеттіліктердің бірі. Президент цифрлық алаяқтыққа қарсы күрес шараларын күшейтуді атап өтті. «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасы осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылады. Жоба былтыр 65 мың азаматтың қаржылық сауатын арттыруға септігін тигізді, ал биыл одан да көп адам қамтылады деп күтілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін оқыту бағдарламасын енгізуді ұсынды. Бұл шара азаматтарды қаржылық және цифрлық алаяқтықтан қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен қаржы саласын реттейтін органдар бірлесіп, білім беру бағдарламаларын әзірлеп, халықтың қаржылық сауатын арттыруға күш салуы қажет. Ол әрирне, оқу бағдарламалары жастарды қаржылық шешімдер қабылдауда сауатты әрі жауапты болуға үйретуі тиіс.
Құзырлы органдар заңға бағынатын азаматтарға зиян келтіретін алаяқтық әрекеттерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауы керек. Заңның үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленуде. Бұл заң қоғамда құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Заңның талаптарын орындау үшін мемлекеттік органдар мен қоғам бірге жұмыс істеуі қажет.
Президент Тоқаевтың пікірінше, кез келген қоғамның, соның ішінде Қазақстанның да басты талаптары – әділдік және қауіпсіздік. Қоғам әділ заңдардың орындалуын, азаматтардың құқықтарының қорғалуын және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін талап етеді. Осы талаптардың толығымен орындалуы мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді. Заңның үстемдігі мен қауіпсіздік – мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлар.
Сондай ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы заң мен тәртіпті нығайту және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мәселелері Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары болып табылады. Қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтарға қарсы қатаң шаралар қабылдау арқылы мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әділдік пен қауіпсіздікке негізделген қоғам құру – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Бұл талаптардың орындалуы Қазақстанның болашақта тұрақты және әділ мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етеді. Заң мен тәртіптің орнығуы, сондай-ақ азаматтардың құқықтарының қорғалуы — біздің қоғамымыздың негізін құрайтын құндылықтар. Президенттің бастамаларының жүзеге асырылуы нәтижесінде біз әділ әрі қауіпсіз қоғамға қол жеткізе аламыз, бұл өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге ықпал етеді.

