Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АДАЛ ЕҢБЕК ӘДІЛ БАҒАЛАНУЫ ТИІС
ЖАҢАЛЫҚТАР

АДАЛ ЕҢБЕК ӘДІЛ БАҒАЛАНУЫ ТИІС

authorBy author22 октября, 2024Updated:23 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Білім саласының маманы ретінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауларынан хабардармыз. Бірақ осы жолы көкейімізден шыққан тұжырымын құзырлы орындар жүзеге асырып, келелі шешімдер қабылдаса екен дейміз.

Енді солардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек. Президент: «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек», деді. Толықтай келісеміз. Мәселен, Алматы қаласында бүп-бүтін тұрған асфальт жолдарды, жиектастарды (бордюрлер), бетон арықтарды қиратып, қайтадан салып жатады. Жылда көретініміз – осы көрініс. Есесіне дәл қазір Алматының іргесінде, қала шекарасынан бір шақырым жердегі Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында жылдар бойы жолдар асфальтталмай келеді. Ауыл тұрғындары осы­ның себебі неде екенін түсіне алмай дал.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Ірі кәсіп иелері осы елдің азаматы ретінде ел игілігіне жарайтын мектеп, аурухана, стадион, музей және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салуға қомақты қаржы бөлуге міндетті. Мұндай кәсіпкерлердің есімі жомарт жандардың «алтын тізіміне» жазылады. Ал одан бас тартқан немесе сөзбұйдаға салған кәсіп­керлерге қатысты әңгіме басқаша болады» деген сөзі де көкей­ге қонды.

Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты тың ойларын айтты. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамы­туға бөлінген субсидия­ны шын мәнінде, дала төсінде еңбектеніп жатқандар емес, шенеуніктермен жең ұшынан жалғасқан пысықай делдал­дардың алып кететіні туралы естіп қаламыз. Осы тұрғыда біздің кафед­ра­ның ғалымдары да ауыл шаруа­шылығын дамытуға қажетті, маңызды ғылыми жоба­лармен айналысып жат­қанын айтқымыз  келеді. Атап айтқанда, түрлі ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарының, өзге де өсімдіктердің (мысалы, сексеуіл) ұрықтарын полимер үлдірмен орау арқылы алғашқы егілген кезде олардың түрлі зиян­кестерге, табиғи сынақтарға төтеп беруіне қол жеткізуге болады. Әйтпесе, бүгінгі таңда дүкендерде сатылатын көкөніс ұрықтарының барлығы дерлік өзге елдерден келген.

Президенттің «Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды» деген сөзі де көңілден шықты. Өйткені астық өндірушілердің күзде өз өнімдерін сата алмайтыны жөнінде жиі естиміз. Ал дәл сол кезде жерде бір күн де жұмыс істемеген, жең ұшынан жалғасып, мемлекеттен шетелге астық сатуға лицензия алған­ пысықтар астықты диқандардан барынша арзан бағаға сатып алып, сырт мемлекеттерге үстеме бағамен сатады екен. Осыдан кейін маңдай тері ақталмайтын қарапайым еңбек адамының жұмыс істеуге қайдан зауқы болады?

Мемлекет басшысы мұнай-газ,химия саласын одан әрі дамыту маңызды міндет екеніне тоқталды. Осы тұрғыда, біздің кафедрада биоыдырайтын полимер үлдірлер алу үшін ғылыми ізденістер, жұмыстар жасалып жатқанын айта кеткен жөн. Иә, Мемлекет басшысының экономика, экологиялық ахуал, денсаулық сақтау, білім беру саласы, елде заң мен тәртіптің сақталуына қатысты мәселелерге орай айтқан ойла­рының барлығы да құптарлық.

Ендеше, біз де өз саламызда нәтижелі еңбек етіп, ел дамуына үлесімізді қосқанымыз абзал.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.