Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты байқау өтті
ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты байқау өтті

authorBy author18 октября, 2024Updated:21 октября, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында ұлттық мейрам саналатын Республика күнін тойлау басталып кетті. Мереке қарсаңында қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты байқау өтті. Басты мақсат-мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілді үйренуге, оны қолдануға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Мектеп пен жоғары оқу орындары ғана емес, кәмелетке толған әрбір қазақстандықтың тіл меңгеруі үшін арнайы оқыту орталықтары жұмыс істейді. Бұл орайда қазақ тіліне деген қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де жыл санап артып келеді. Мәселен, №48 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстазы Мафтуна Сейдова  байқау туралы естіген сәттен бірден қатысуға өтінім беріп, дайындыққа көшкен. Қазақ тілін бала кезінен жетік білетін ол тіл сайысына қуана-қуана қатысуда. Оның айтуынша, қазақ тілін үйренемін деген адамға ең бірінші ниет керек. Ал, басты мақсаты қазақ тіліне деген құрметін, махаббатын көрсету, көпшілікке үлгі болу дейді ол.

Жалпы, қалалық тіл байқауы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Жұлдызды сәт» үміткерлер өз өнерін көрсетуі керек. Ән айтады, би билейді, мәнерлеп көркем сөз оқиды. Ал, екінші кезеңде қатысушылар Отан, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды. Шешуші сайыста салт-дәстүр, белгілі тұлғалар бойынша мәліметтер айттты.

Байқауға қала, аудандар арасынан іріктеліп өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Шымкент келбеті

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.