Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

authorBy author20 октября, 2024Updated:21 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында Орталық Азияның кәсіпкер әйелдеріне және «TalpynUp 3.0» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасының түлектеріне арналған форум өтті. Бұл жиын қаламызда алғаш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін Алматы және Астана қаласында оң нәтижеге қол жеткізген. Басты мақсат әйелдердің кәсіптік сауаттылығын арттыру және қолдау білдіру.

Форумда USAID Стратегиялық Жоспарлау Кеңсесі директорының орынбасары Джули Пековски құттықтау сөз сөйледі.

— «TalpynUp 3.0» сияқты бағдарламалар кәсіпкер әйелдерге жағдай жасауда маңызды рөл атқарады. Біз оқыту мен тәлімгерлік әйелдерге өз әлеуетін ашуға, көшбасшылық дағдыларын жақсартуға және өз елдерінің экономикалық дамуына үлес қосуға қалай көмектесетінін көріп отырмыз»,-деді Джули Пековски.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі ғылым мен білім саласындағы жаңашылдық туралы болды. Бұл бағыт бойынша халықаралық сарапшылар арнайы дәріс оқыды. Мәселен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әлия Оспанованың «Бизнестегі әйелдер: гендерлік даму және Орталық Азиядағы тұрақты өсімнің негізі ретінде ESG-стратегиясы» тақырыбында ой қозғады.

— Гендерлік теңдік пен ESG-стратегияларды енгізу қазіргі әлемде бизнестің тұрақты өсуі үшін маңызды факторларға айналуда. Орталық Азияның әйел кәсіпкерлері осы салаларда көшбасшылық танытуда және мұндай форумдар осы жетістіктерді нығайтуға көмектеседі,-деді ол.

Форум аясында пленарлық отырыс болды.

Түлектерге «TalpynUp 3.0» халықаралық тәлімгерлік бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттарды Қазақстандағы АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюм мырза салтанатты түрде табыс етті.

«TalpynUp 3.0» жобасы жүзеге асырылған 6 ай ішінде Орталық Азиядан келген 200-ден астам әйел оқытудан өтіп, бизнестегі өз ұстанымдарын нығайтып, өз елдерінің экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Бұл жобаның түлектері бизнестің 15-тен астам түрлі салаларында табыстарын еселеген тұлғалар. Айта кетейік, «TalpynUp 3.0» USAID-тің кәсіпкерлік пен бизнес ортаны дамыту жобасының қолдауымен іске асырылуда. Бағдарлама бизнес пен тұлғалық дамуды табысты жүргізу үшін оқытылады. Тәлімгерлік және негізгі дағдыларды дамыту арқылы кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған.

Шымкент келбеті

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.