Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ «ӘРЕКЕТ УАҚЫТЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ҚҰРЫЛТАЙЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕКТЕПТЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ «ӘРЕКЕТ УАҚЫТЫ» ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ҚҰРЫЛТАЙЫ

authorBy author17 октября, 2024Updated:19 октября, 2024Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайында мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» қалалық балалар Құрылтайы өтті. Құрылтайға 200-ге жуық мектеп парламентінің көшбасшылары қатысты.
Құрылтайдың мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдарын – мектеп парламенттерін дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Құрылтай өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Құрылтайға оқушылардың жан-жақты дамуына мотивация беретін кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында жас қоғам белсенділері Жүсіп Нұрмұхаммед — Марафоншы, «Sportnation» спорт дүкенінің басқарушысы, Ашимова Жасмин Аскаровна — Шымкент қалалық волонтерлар корпусының президенті, Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аненттігінің еріктісі, «TULGA GROUP» пияр агенттігінің негізін қалаушы, қоғам белсендісі, Саранова Данара – «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, Құндыз Турлан – Киноиндустрия өкілі, сценарист, актриса арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Құрылтайда «Біз, Қазақстанның заманауи ұрпағымыз, елімізді батылдықпен, жасампаздықпен асқақтатуға дайынбыз!» – деген ұранмен, №66 мектеп көшбасшысы Кенжебеков Исламбек «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар». №133 мектеп президенті Сейдурасилова Балым «Табысқа апаратын жол: әрекет уақыты!», №7 мектептің көшбасшысы Міркәрім Ертұлға «Өзіңізді қалай басқаруға және командаңызды шабыттандыруға болады?», №9 мектеп көшбасшылары Қайырбек Дариға мен Кулбек Жания «Экологиялық START UP жобалары және мектептегі кәсіпкерлік», №84 мектеп президенті Умирбек Маржан «Жас көшбасшыларды дамытудағы тәлімгерлік пен менторлықтың рөлі», №75 мектеп президенті Устабаева Шадиана және №106 мектеп президенті Жүрсінбек Руслан «Эмпатияны, өзін-өзі бағалауды және өзіне деген сенімділікті дамыту» тақырыптарында өз жұмыстарын қорғап, тәжірибелерімен бөлісті.
Құрылтайда Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының “New Stars” вокалды тобы “Қазақпын” әнімен, №133 мектептің парламент көшбасшылары М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен, «Айгөлек» би тобы, «Алтын ғасыр» тобы «Шымкентім менің», «Қазақстан» әндерімен өз өнерлерін көрсетті.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.