Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Арнайы жобалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

authorBy author13 июня, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.
Сонымен қатар Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Білім беру бағытында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Түркістан қаласында ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстандық WOOSONG университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасының инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналмақ. Басты мақсат — адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз.
Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық.
Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Меморандумға сәйкес университет ретінде Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан 18 қабатты ғимарат ұсынылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.