Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

authorBy author14 октября, 2024Updated:18 октября, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі тойланады. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.
Мерекеге орай, Шымкент қаласында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік 100-ден астам жұмыс берушіден 2000 мыңға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.
Мерекелік іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, қаламыздағы түрлі өндіріс орындары мен білім беру салаларында ұзақ жылдан бері табысты еңбектеніп келе жатқан еңбек озаттарын марапаттады. Мұнан кейін Қуаныш Жұмабекұлы жәрмеңкені аралап, жұмыс берушілерге еңбек құқығының бұзылмауына ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары Еңбек.кз электрондық порталы ұсынған жұмыс орындарын халыққа таныстырды. Шымкент қаласы әкімдігі Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бағдат Арқабаев жұмысқа орналасқан қала тұрғындарының статистикасын айтты.
— Биыл қалада 30 207 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, осы жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша оған 23 691 адам қатысты. Жоспар 78,4 пайызға орындалды. Атап айтқанда, 2 426 адам http://xn--nbek-u4d.kz/ порталы талап етілген дағдыға онлайн оқыса, 3 228 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 428 адамға комиссияның шешімімен қайтарымсыз грант бекітілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 6 639 адам жолданды (жылдық жоспар 7 453). Оның 168-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 2007 адам жастар практикасына, 2 390-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 1 273 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 15-і «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына және 786 тұрғын зейнет жасын алдындағы «Күміс жас» жобасына жолданды. Одан бөлек, қаладағы тұрақты бос жұмыс орындарына 10 970 адам орналастырылды,-деді Бағдат Арқабаев.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.