Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Цифрландыру, Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия, Орта сапасы және бақылау басқармаларының 8 айда атқарған жұмыстары талқыланды.
Цифрландыру басқармасының басшысы М.Кемелов қала аумағындағы ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ұялы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен 35 нүктеге базалық станция орнату жұмыстары жоспарланып, 33 нүктеде базалық станция қолданысқа енгізілді. «Kcell» АҚ өз жоспарына сәйкес, 133 базалық станцияны 5G технологиясымен, 116 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, коммерциялық нысан иелерімен келісім арқылы 47 базалық станция іске қосылды.
Қала әкімі сала басшысына жыл соңына дейін ұялы байланыс пен оптикалық интернет сапасын арттыруда және компаниялар жұмысын үйлестіруде нақты тапсырма берді.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы М.Керімжанов аталған кезеңдегі жұмыстарды қорытты. Қала әкімі заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ескертті. Жылу маусымының қарсаңында тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының қауіпсіздігін қамтуда шараларды күшейтіп, салғырттық танытқан жеке компанияларға заң аясында шара қолдануды тапсырды. Сонымен қатар газ техникалық инспекциясының жұмысын жүйелеп, жауапкершілігін арттыру міндеттелді. Сондай-ақ аппарат отырысында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының жұмыстары да талқыланды. Қала әкімі жауаптыларға туризмді дамытуда жаңадан іске қосылған қонақүйлердің, тамақтану орындарының да жұмысын үйлестіруде бірқатар тапсырма берілді.
Мегаполис басшысы аудан әкімдерінің жұмысын сынға алып, елдімекендердегі мәселелерді шұғыл, сапалы шешуде ұсыныстарын жеткізді. Әріптестерін қалаға жанашырлық таныта отырып, халыққа оңтайлы жағдай жасауға шақырды.
Trending
- Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
- Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
- Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
- Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
- МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
- 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
- Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
- Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции

