Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ОРТАҚ ҚАЗЫНА
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ОРТАҚ ҚАЗЫНА

authorBy author11 октября, 2024Updated:18 октября, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Кеш қонақтары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қазақ тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ағапаша Құрбанов, ағылшын тілі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ-түрік сөздігін құраған тарихи тұлға Аябек Байниязов, магистр-оқытушы Мұхаммедрасул Мырзахметов болды.
Өз кезегінде сөз алған Ағапаша Құрбанов жеке құрамға өз ұлтының Қазақ еліне ата–бабасының қалай ауып келгенін, осы құтты мекеннің суын ішіп, нанын жеп өскендігін, қазақ халқына деген ыстық ықыласын білдірді. Осынау қазақ халқына деген махаббатының арқасында қазақ тілін бала кезден үйреніп, қазақ мектебінде оқыған Ағапаша Гүләлұлы мектеп бітіре сала ойланбастан қазақ тілі факультетіне оқуға түсіп, одан әрі білімін жетілдіріп қазіргі уақытта білдей жоғары оқу орнының доценті болып қызмет жасап жүр.
Түркия елінде 10 жылдан аса уақыт жоғары оқу орнында декан қызметін атқарған Аябек Байниязов, өзінің қызмет жолында кезіккен тіл мәселесі жайлы жеке құраммен бөлісті. Түркия елі өзінің ана тілін тірілту жолында қаншама ұлы істер атқарғанын, біз қазақтың ұлдары бай ана тілімізді қорғап, қастерлеп келесі ұрпаққа кіршіксіз жеткізуімізді ұсынды. Авар ақыны Расул Хамзатовтың өлең шумағын оқып, тілдің қаншалықты маңызды екенін, тіл бар да ұлт бар екенін, ана тілі- халықтың жаны екенін ұғындырды.
Дегенмен қазіргі заманның ағымына сай Мемлекет басшымыз мысал келтірген «екі тіл білген екі адам деп», жастарды жан-жақтылыққа, өзге де әлем тілдерін үйренуге шақырды. Алайда ана тіліміз — қазақ тілі қашанда тұғыры биік болуы тиіс деп қорытындылады.
Кеш соңында қонақтарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмреевтің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Біздің Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін «Отан» ұғымы қаншалықты маңызға ие болған болса, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі соншалықты маңызға ие.
Сержант Бекжан МӘЛІК
Шымкент қаласы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.