Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

authorBy author11 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Бұл мереке Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен 1992 жылы құрылды және жыл сайын халықтың психикалық денсаулық проблемалары мен оны нығайту тәсілдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ психикалық бұзылулардың алдын-алу және емдеу мақсатында атап өтіледі. Мерекеге орай, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ  «Психикалық   денсаулық орталығы» мекемесінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Психикалық   денсаулық орталығының бас дәрігерідің орынбасары Ерлан Ережепов  және психиатр-дәрігерлер мен жастар қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Ережепов Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны және психикалық ауруға шалдығатындар жөнінде баяндама жасады.

– Қазіргі әлемде ең көп таралған психикалық бұзылыс — депрессия. Депрессиялық жағдайдан туындаған одан да күрделі мәселе —  өз-өзіне қол салу. Жыл сайын әлем бойынша 800 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды. Адамдардың басым бөлігі психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыспен зардап шегеді (алкоголизм, нашақорлық).     Әйелдер ерлерге қарағанда екі есе дерлік ауыр депрессиядан зардап шегеді. Дегенмен, ерлер мен әйелдердің биполярлық бұзылыстың дамуы бірдей ықтимал. Күрделі депрессия кез келген жаста дами алатынымен, бастапқы кезеңдегі орташа жас 20 жастың ортасында болып табылады. Көп жағдайда шизофрения алғаш рет жасөспірімдерде немесе 20 жастың басында пайда болады. Олардың барлығы білікті психиатриялық көмекке мұқтаж,-дейді Ерлан Ережепов.

Жалпы, Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны — 12190 құрайды. Олардың ішінде жастар саны – 2883, ал, ерлер–1693, әйелдер – 1190. Бұл сандар нақты емес көрінеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.