Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «АЛТЫНЫМ! ӨМІРДІ СҮЙ, ӨЗІҢЕ СЕН!»
ЖАҢАЛЫҚТАР

«АЛТЫНЫМ! ӨМІРДІ СҮЙ, ӨЗІҢЕ СЕН!»

authorBy author15 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкенттік жастар қаламы қарымды қаламгер Әкім Ысқақпен кездесті. Шығармашылығы көпшіліктің көңілінен орын алған, Әкім ағаны оқырмандары арнайы Жамбыл облысынан да іздеп келген. Бұл жүздесу тек жастарға ғана емес, үлкен буынның да қатысумен өтті. Жиын «Алтыным, өмірді сүй, өзіңе сен!» тақырыбы аясында ұйымдастырылған. Әдеби кеште мектеп оқушылары ақынның шығармаларын жатқа оқып, әндерін әуелете шырқады.

Бала күнінен Әкім Ысқақтың өлеңдерін, эсселерін оқып өскен Қайсар Жұман бұл кешке ерекше дайындалған көрінеді.

– Мектепте оқитын кезде махаббат туралы өлеңдерді жатқа оқитынмын. Күш алатын едім. Қазірде дәл солай, оқудан немесе тұрмыстық тіршіліктен шаршағанда кітап беттерін парақтаймын. Сосын әрі қарай жақсы көңіл-күймен шабыттанамын. Осындай кездесулер жастарды ерекше әсерге бөлеп, бір сәт тынығуына жағдай жасайды,-дейді ол.

Кездесу барысында «Алтыным-2» кітапбы таныстырылды. Автор өз сөзінде өмірді сүюдің маңыздылығы мен әрбір адамның жеке күшіне сенудің қажеттілігін атап өтті.

– Біздің мақсатымыз — айналаға шуақ шашу. Бүгінгі кездесудің де тақырыбы «Өмірді сүй, өзіңе сен!». Шынында өмірді сүйген адам ғана айналаға шуағын шаша алады. Ал өзіне сенген адам ғана арманына жете алады. Сенің үйің жоқ болсын, көйлегің жоқ болсын ол — сенің кедейлігің емес. Дүниедегі ең кедей адам — арманы жоқ адам,-дейді қоғам қайраткері, жазушы, ақын Әкім Ысқақ.

Рухани нәрге шөліркеген адам жаны үшін әдеби жиын өте әсерлі өтті.

Шара соңы Әкім Ысқақ пен жастар арасындағы ашық сұхбатқа ұласты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жазушының өмірлік тәжірибесі мен кеңестерін тыңдады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.