Аты аңызға айналған Силикон алқабында тарихи оқиға болып, TechFusion Dynamics стартап-компаниясының ұйымдастыруымен алғаш рет робот өнер көрсетті. Шараны тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толып жиналды. Бұл бірегей және жаңашыл шоуды тамашалау үшін мыңдаған көрермен стадионға лық толды. Олардың көргендері барлық үміттерінен асып түсті – ең озық технологиялармен жабдықталған робот көрермендерді тек вокалдық қабілетімен ғана емес, нағыз әртістігімен де таң қалдырды. Концертте сөз алған робот тамаша ағылшын тілінде, тіпті сәл британдық акцентпен сөйлеп, көрермендерді құттықтады. Одан кейін әр жастағы тыңдармандардың көңілінен шығу үшін таңдалған әр жылдардағы музыкалық хиттерді орындады. Концерттік бағдарламада классикалық рок-хиттер де, заманауи поп-каверлер де болды. Бұл роботты…
Автор: author
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады. Шараға Министрліктің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Телекоммуникациялар комитетінің басшылығы, ұялы байланыс операторлары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты. Бірінші вице-министр өз сөзінде еліміздегі және облыстағы ІТ саласының дамуы, Түркістанда «Smart city» енгізу барысы туралы айтты. «Өткен жылы біз әкімдікпен бірлесе отырып, өңірде ІТ саласын танымал етуге, адами капиталды дамытуға, жаңа дағдыларды оқытуға және мамандандырылған іс-шараларды өткізуге ықпал ететін Түркістан хабын аштық. Бүгінде ел бойынша 14 аймақтық хаб ашылды. Өңірде қазақстандықтарды IT мамандықтары бойынша оқытуға арналған TechOrda бағдарламасына…
Түркістан облысында жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында талқыланды. Күн тәртібінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында жарияланған конкурс нәтижелері бойынша оқу орындарының тізбесін анықтау мәселелер қаралды. Бүгінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талабына жауап бере алатын, заманауи құрал-жабдықтарды меңгерген, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандар даярлау басты назарда. Облыс әкімдігінің өкімімен Техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған…
Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы басталды. Игі акция аясында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен қалаға кіреберіс Арыс өзені жанындағы 0,65 га аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын. Бүгінде көктемде отырғызылған жеміс бауын түлетуге «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары бел шешіне кірісті. Көшеттерді тұрақты түрде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге 400 текше метрді құрайтын арнайы бассейн мен екі дана су айдау моторы орнатылды. Суды үнемдеу әрі өнімділікті қамтамасыз ету үшін әр көшеттің түбіне тамшылатып суғару жүйесі ендірілген. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек. Бүгінде мұнда алма, өрік, шабдалы, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс…
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. – Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейд, бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін»…
Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында кітапхана әдіскерлеріне және мектеп кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтті. Іс-шараны Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған. Семинар салтанатты түрде аудандық білім бөлімі өкілдерінің және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директорының құттықтау сөздерімен ашылды. «Көкжиек-Горизонт», «Абай», «Шұғыла» баспаларымен қоса «SMARTKITAPHANA» мектеп кітапханашыларын автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбындағы үздік жобаны «Edlıne» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Арман Ажимуханов таныстырды. Кітапхана саласына тың серпін берген семинарда Баянауыл ауданының ең көрікті жерлері Сабындыкөл жағалауында «Қазыналы Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында кітап оқу тақырыбында»…
ҚР еңбек сіңірген әртісі Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алып, қандай ата-анадан тәрбие алғанын айтып берді. Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш өнер жолына түскенін баяндады. “Біздің заманымызда ата-ананың беделі үлкен мәнге ие еді. Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғышпен ұрып, оқтаумен сабайтын. Қуып жүріп ұратын. Анамның қатал тәрбиесін көрдік. Сонда «әкең келеді» деп қорқытатын», – дейді әнші. Сондай-ақ өнер иесі әкесінің болмысын айтып, балаларын ешқашан еркелетпегенін жеткізді. «Әкем біртоға кісі болды. Ол кісі маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға…
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы телефон кодын өзгертуге қатысты ұстанымын айтты. “Менің азаматтық ұстанымым: мен нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғым келмейді. Мен қосымшаларға нөмірімді тіркеп қойдым. Мен оны өзгерткім келмейді. Байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліген консультациялардың нәтижесінде қаржылық, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, +7 деңгейінде қалу керек деген пікірге тоқталдық”, – деді Жаслан Мәдиев. Журналистер қазір Қазақстанның Ресеймен бір префиксте екенін атап өтті. Олардың “Қазақстан үшін кейбір бағдарламалық жасақтамаға салынған санкцияларға байланысты шектеулер қауіпті емес пе?” сауалына министр: “Бұл мәселені байланыс операторлары да зерттеді, ауқымды кеңестер жүргізіліп, қаржылық және техникалық мәселелер сараланды. Сондықтан байланыс операторларымен +7-ні қалдырған дұрыс деген шешімге келдік. Санкцияларға…
Биыл «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Ұлттық спорт бәсекесінің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан және зиялы қауым өкілдері қатысты. – Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің қоғам үшін орны ерекше! Бұл тек ұжымның ғана емес, облыстың, қазақ баспасөзінің тойы деп ойлаймын. Өйткені өңіріміздің бір ғасырлық өмір тарихы осы газеттің әрбір бетінде сақталып тұр. Бұл басылымда бір кезеңдері ұлт қайраткерлері, мемлекет және қоғам деңгейіндегі тұлғалар қызмет атқарды. «Қазақ күресінің» Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Аталған сайыстың осыдан 15…
Түркістан облысында 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды. 2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды. Айта кетерлігі, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9 сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал, 11 сынып оқушылары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.
