Автор: author

Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға күш салынуда. Өңірде жаңа кәсіптің көзін тауып, өндірісті кеңейтуге назар аударылып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсеге арналған ақ қағаз шығару ісін бастаған. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 дана. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех өндірісін кеңейтті. Сағатына 6000 литр өнім беруге қауқарлы мекемеде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 18,9 млрд…

Read More

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады. Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады. Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты. Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

Read More

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша халықаралық сарапшылар тобының өкілдерімен кездесті. Белгілі археолог Дмитрий Воякин бастаған сарапшылармен маңызды мәселелерді талқылады. Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аумағын абаттандыру және археологиялық саябақ жобасының ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне әсерін бағалау жобасын жүзеге асыру жолдары қаралды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра комитетімен келісу қажеттілігі айтылды. Сарапшылар қазіргі таңда осы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Зұлпыхар Сансызбайұлы халықаралық сарапшыларға атқарған жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қатаң сақтайтынын және осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді. Айта кетейік, Қожа Ахмет…

Read More

Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаны«КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асыруда. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда, 60 жұмыс орнын ашылмақ. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарлануда. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады.

Read More

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті. Сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі де талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын дамыту жұмыстары жандануда. Мемлекет…

Read More

«Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы оқу орнын жаңадан аяқтаған түлектерге мамандығы бойынша алғашқы тәжірибе жинауға жол ашады. Шымкенттік жас маман Шынар Айтмахан осы бағдарламаның арқасында бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-да тұрақты жұмысқа орналасқан. 2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығын алған тұрғын алдымен жұмыссыз ретінде тіркелген. Сол жылы қазан айында Еңбек мобильділігі орталығының мамандары оған «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы өз мамандығына сай келетін жұмыс орнына жолдама берген. – Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде радиотехника мен байланыс саласының осыншалықты қызықты екенін толық сезіне қоймадық. Алғашқы тәжірибе жинақтаған сәтте мамандық таңдауда қателеспегенімді ұқтым. Сүйікті кәсібіме қол жеткізуіме мемлекет…

Read More

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің грек-рим күресінің балуандары 1 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында жерлесіміз Әлімхан Сыздықов аса ауыр салмақта күміс жүлдегер атанды. Ә.Сыздықов Ирак, Өзбекстан балуандарын жеңіп, финалға шыққан еді. Шешуші сәтте Иран елінің өкіліне ұпай санымен есе жіберді. Осылайша шымкенттік балуан Азия чемпионатында кезекті рет күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін грек-рим күресінің балуаны алтын, күміс жүлделерді ел қоржынына салған еді. Сондай-ақ, бүгін жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының спортшылары – Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Омар Сатоев (82 келі) және Ильяс Гучигов (97 келі) бозкілемге…

Read More

В преддверии 80-летия Победы Камбара Сарсена посетили представители воинской части 5571 Нацгвардии. Они вручили ветерану подарки, нагрудный знак «Ұлы Жеңіс». Личный состав части под аккомпанемент военного оркестра прошел торжественным маршем, подарив аксакалу праздничное настроение. Камбар Амирулы родился в селе Кунтимес Сарыкольского района Костанайской области. С 1943 года участвовал в боях за освобождение Родины. Победу встретил в Кёнигсберге. Камбар Амирулы награжден орденами Отечественной войны I и II степеней; Славы II и III степеней; Красной Звезды; «Құрмет».

Read More

Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Биылғы ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Сондай-ақ, байқау ережесіне «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізілмек. Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады. Бұл жайында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді. – 2024 жылдан бастап Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өткізіліп келеді. Өткен жылы барлық аудан-қалалардан байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан елді мекендер ішінен жеңімпаздар анықталып, ережеге сай облыстық бюджеттен өңірлерде биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті қаржылар қаралды. Атап айтар болсақ, өткен…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. – Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров. Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, 2018-2024 жылдар аралығында кезекте…

Read More